Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әнші Бүркітке мәрмәр тастан ескерткіш орнатты (видео)

660

Әнші өзінің еңбегі еленіп, осындай жетістікке ие болғаны үшін Жамбыл облысының әкіміне және жерлестеріне шексіз алғысын білдірген. Бүркіт өзіне арналған ескерткіш алдында видео түсіріп, ел алдында басын иген.

“Ассаламағалейкум, құрметті достар, бауырлар. Бүгін Тараз қаласына келіп, қуанышым қойныма сыймай тұр. Мәдениет сарайының алдында “Әуендер аллеясы” ашылып, мәрмәр тасқа аты-жөнім жазылып қойған екен. Осындай көрсетіп жатқан құрметтеріңіз үшін Жамбыл облысының әкімдігіне, облыс әкімі Асқар Мырзахметовке алғыс айтамын. Сонымен қатар, барша Тараз тұрғындарына алғысым шексіз. Басымды иемін” , – деді видеода Бүркіт.

Бұл жаңалықтан хабардар болған Бүркіттің өнердегі әріптестері де өздерінің ізгі-тілектерін жолдап, әншіні құттықтаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз