Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әнші Асхат Тарғын шығармашылық кешін өткізді

506

Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Осыдан 4 жыл бұрын Алматыға арман қуып келген өнер иесі күні кеше республика сарайында тыңдармандарының басын қосты.

Халық Асхатты “Мария Магдалена”, “Жеңге” сынды той төрінде орындалатын әндерін жақсы біледі. Алайда Асхаттың репертуарында ана мен әкеге, туған жерге арналған салмақты да патриотты әндер жетерлік.

Алатаудың баурайында ән кешін берген Асхаттың да басты мақсаты – көпшілікке өзін басқа қырынан таныту, шығармашылығымен таныстыру еді. Әнші діттегеніне жетті. Оңтүстік астананың бас концерт залы халыққа толды, тіпті ине шаншарға орын болмады.

Асхат Тарғын концерт кезінде ата-анасына құрмет көрсетіп, халыққа таныстырды. Немерелерімен бірігіп, анасына гүл шоқтарын ұсынса, әкесіне шапан жапты.

Кеш барысындағы ең әсерлі сәт – Асхаттың қызы Айымға арнап өлең оқығаны. Тағдырдың жазуымен, жолдарының екі бөлек айырылғанын жырға арқау еткен Тарғын сахнада тұрып, көзіне жас алып қалды.

Әйткенмен, қызғалдағы үшін барын беруге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, Тарғынның тұңғышы Айым әншінің бірінші некесінен туған. Бүгінде әкесінен жырақта Ақтөбе өңірінде тұрады. Айым концерт барысында әкесімен бірге дуэт шырқап, жеке әнімен де сусындатты.

Ал танымал эстрада жұлдыздарынан Жанар Айжанова, Ақылбек Жеменей мен Тамара Асар Асхат Тарғынға қолдау көрсетіп, алғашқы ән кешінде онымен бірігіп дуэт шырқады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз