Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-20
USD
524
+1.73
EUR
547
+2.80
RUB
4.99
-0.06

Анкара Қырғызстанға жаңа форматтағы түрік лицейін ұсынды

Түрік үкімет басшысы білім беру саласындағы қарым-қатынас мәселесін қозғады. “Бұрынғы халықаралық “Себат” білім беру мекемесі төңірегіндегі жағдай екі елдің қатынасына әсер етті”, – деді ол. Соған байланысты Йылдырым Қырғызстанға жаңа форматта әріптестік бастауды – “Маариф” мемлекеттік қорының мүмкіндігін пайдалануды ұсынды.

Қырғызстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейтін қырғыз-түрік “Себат” лицейі биыл наурызда “Сапат” деп өзгертілді. 2016 жылғы Түркиядағы әскери бүліктен соң, білім мекемелерінің оппозиционер Гүленге қатысы бар деген желеумен, түрік билігі бұл лицейлерді жабу мәселесін көтерді. Түркия билігі Гүленді бүлік ұйымдастырды деп айыптады.

Бұған дейін Қазақстандағы түрік лицейлерінің атауы өзгертілген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз