«Хочу к Меладзе» шоуының жеңімпазы, тарап кеткен MBand тобының солисті, Анатолий Цой Батырхан Шүкенов туралы естеліктерімен бөлісті.
Батырхан Шүкенов пен Анатолий Цой 2006 жылы танысқан, меркелік іс-шаралар мен концерттерде бірнеше рет кездескен. Ол кездегі жас Анатолийдің тәжірибелі әріптесіне ақыл сұрап жүгінген сәттері аз емес, ол Батырды үлгі тұтты.
Б. Шүкенов. Ашық көздерден алынған сурет
Сол уақытта ол Мәскеуді бағындырамын деп мақсат қойған. Көптеген таныстары оны бұл шешімнен бас тартуға шақырған, бірақ әнші өз айтқанынан қайтпады.
«Батырхан маған өмірлік маңызды ақыл айтты, себебі оның тәжирибесі мол және менің қазіргіөтіп жатқан жолымды жүріп өткен.
Мен Мәскеуге көшіп, үлкен шоу-бизнесте сынау туралы шещім қабылдағанда бұлай істеудің қажеті жоқ деген көптеген пікір айтылды, себебі Қазақстандағы да жағдайым жаман емес еді.
Мен баспана мен машина сатып алдым, барлығы жақсы болды. Бірақ одан да көп нәрсені қалайтын едім. Батырхан ешкімді тыңдамай, Мәскеуге бар, ешнәрсеге қарамастан өзіңді сына, сахнаға шық, табысқа жет дегендердің бірі болды», — деп Анатолий Цой Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Батырхан туралы естелігімен бөлісті.
Музыкант Батыр оған көмектесіп, жігерлендірді дейді. Себебі Анатолийге туған қаласында барлығын сатып, Мәскеуге көшу туралы шешім қабылдау оңай болған жоқ.
«Барлығын тастап кетіп қату қиын болды. Ешкімнің де барлығын жаңадан бастағысы келмейді, бұл қорқынышты және ауыр жағдай. Сондықтан да бұл мен үшін өтпелі кезең еді»,— дейді әнші.