Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Анасының көзінше қызын зорлаған қаскүнемге байланысты жаңа мәлімет шықты

102

https://kaz.365info.kz/akhtobede-togyz-khabatty-yj-ortendi-video-334698

Полиция бұл қылмыстарға күдіктіні ізін суытпай ұстады. Тергеудің мәліметінше, орта жастағы ер адам бұрын бақ шаруашылығы бірлестігінде тұрған, ал сол күні мұнда балық аулауға келіпті. Ол ішімдік ішіп алып, ана мен қыз тұратын үйге кіріп келген. Қызды зорлап, араша түскен анасын шалбардың белбеуімен буындырып өлтіреді. Әйелдің жан айқайын естіген көршілер полиция шақырған. Жарақат алған қыз ауруханаға жатқызылды, әйелді бірнеше күннен кейін туыстары мен саяжай тұрғындары жер қойнына тапсырды.

Бұл екі қылмыс туралы іс тергеліп, Қызылорда облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына берілді. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ сотта қылмыскердің ақыл-есі кем болғандықтан түрмеде отырмайтыны хабарланды.

Денис Теннің өліміне күдіктінің анасы баласы жайлы бар шындықты айтты

 

“Қылмыстық әрекеттерді қабілетсіз халде жасауына байланысты, амбулаторлық сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы негізінде оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды, ол психиатриялық стационарда емделеді”, — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін қыздың әкесі тұрақты баспанасы мен табысы болмағандықтан баласын үйіне әкете алмай жүргені хабарланған еді. Қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз