Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ана балаға обал болды ғой…”. Мейрамбек Беспаев не бүлдіріп қойды? (фото)

266

https://kaz.365info.kz/zhynystykh-khatynas-dejdi-tosynnan-tysip-khalgan-zholdybaeva-yyatkha-khaldy-video-323123

Әрине, көпшілік тәуір әншісін шынайы құттықтауға көмкеріп те үлгерді… 

 

Артынша аталмыш білім ордасының доцен­ті, филолог-ғалым Мырзантай Жақып әншілік­пен байыған «жұлдыздардың» мемлекеттік грант­тарға таласып, жастардың несібесін тартып алатындығын ашына айтып, ел талқысына салды.

Кезінде Қазақ Еліндегі №1 жоғарғы оқу орны атанған, бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің танымал түлегі, көптеген жылдар тезінде Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-Түрік Халықаралық Университетінде тәлімді дәріс, татымды тәрбие берген, қазіргі таңда Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушы-доценті, ғылым кандидаты Мырзантай көке ЖАҚЫП, әсіресе, соңғы уақытта өзінің тура сөз, ұтымды ұсыныстарымен қазақ қоғамында қызу қолдауға ие бола бастаған тұлғалы азамат.

Әрине, «әлеулайлатқан» әнші де, жалаңаш сандарын жалтыратқан биші де емес. 

Сонымен, қазақтың белгілі болуға бет бұрған ойшыл-ғалымы былай дейді: «Ешкімнің нақты атын атап, түсін түстемесем де,

қара халықтың есебінен әбден байып алған «әнші-журналист-жұлдыздар» енді мемлекеттік білім гранттары арқылы тегін «оқып»

«әнші-магистр-докторларға» айнала бастағаны туралы осы әлеуметтік желіде жарияланған жазбамды кейбір азаматтар тікелей өздерінің аттарына қабылдап, «қызғанып, көре алмай жатыр», «қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адам» деп, менің атыма біраз ауыр-ауыр сөздер жазып тастап, оны қалың көпшілікке таратып жатыр екен.

https://kaz.365info.kz/323211-323211

Егер әншілер өздерінің шынайы білімдерімен сондай дәрежеге жетіп жатса, өз басым оған тек қана қуанамын!

Алайда, кейбір «тележұлдыздардың» сахнадағы атақтарын пайдаланып, өнер саласына мүлдем қатысы жоқ ұлттық жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларына қарай жаппай лап қойып, мемлекеттік білім гранттары есебінен «оқу бітіріп», диссертациялар «қорғауға» кірісуінің – жалпы сипат ала бастағанын түсіне алмаймын.

Сондай-ақ, ұлттық университеттерді басқаратын кейбір ректорлардың әртүрлі «жұлдыздардың» алдында құрдай жорғалап, жас балаша жүгіруін де – ұға алмаймын.

Байлардың астатөк той-томалақтарынан көп қаржы табатын әншілер мен «тележұлдыздар» – егер академиялық және ғылыми атақ-дәрежелер алғысы келіп жатса, жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларының ақылы бөлімдеріне өздерінің жеке ақшаларын төлеп оқығаны, шын дарынды жастарға арналған мемлекеттік білім гранттарына жармаспағандары жөн. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – осы!» 

https://kaz.365info.kz/aj-yyat-emes-pe-mejrambek-bespaev-ashhy-shyndykhty-ajtty-291334

Бұл жерде біреудің талағы тарс айырылатандай – қандай басы артық сөз бар?!. Меніңше, дөп айтылған шыңғырған шындық! Нағыз ақиқат! 

Мұны түсіне білген, жаны ашып, жүрегі сыз­даған, қаймықпай қара қылды қақ жарып айта алған менің Мырзантай көкем де – нағыз еркек! 
Неге десеңіз, Алла Тағалам жұрттың бәріне елдің алдына шығып, құйқылжыта ән шырқай­тын, мың бұрала билейтін қабілет бере бер­мей­ді. біреулердің қабілет-қарымы миы мен ақы­лында, түсінігі мен түйсігінде, ғылым мен ілімде! 

Мырзантай ЖАҚЫПтың жағы талып, дауысы қарлығып, қазағына жеткізгісі келеген жанайқайы осы! 

Өз басым өнеріне тәнті әнші інім Мейрамбек Бесбаевтың ғалым ағасының ақиқат сөзіне жылдам жауабы көңіліме су сепкендей суық әсер етті:

«…Өкінішке орай, біздің арамызда қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адамдар да кездеседі. Өзі ұстаз, өзі жур­на­лист-ғалым Мырзантай Жақып деген ағамыз фейсбукте мені ғалым болып біреудің орнын тартып алғалы жүрген адамдай сипаттапты.

Менің өнерде өз жолым бар. Ешкімнің жолына да, қызметіне де таласқан емеспін.

Бала күнімнен музыка мектебінде оқыдым. Ұлттық консерваторияда білімімді жетілдіріп, Т.Жүргенов атындағы Театр және өнер академиясын бітірдім.

Жаңа заман талабына сай сол оқыған білімімді дамыту үшін «Мәдениеттану» мамандығы бойынша магистратураны жалғастырдым.

Экономика, заң, физика сияқты басқа саланы қуған жоқпын. «Ел сөз қылмасын» деп, ашық диссертация қорғауға да келісім бердім. Келген адамдардың бәрі – қорғаудың қалай өткенін көздерімен көрді. Түркияның, Әзербайжанның елшілігінен де арнайы өкілдер қатысып отырды. Өз салам бойынша білімімді жетілдіруге менің де құқым бар деп ойлаймын. Кейде осындай сәттерде кім­нің дос, кімнің дұшпан екені де белгілі болып қа­лады. Мен ешкімге жамандық тілемеймін. Бар­шаңызға тек қуаныш тілеймін!» – депті әнші. 

https://kaz.365info.kz/kolikte-boldykh-kyjeuinin-basyn-khalaj-ajnaldyrganyn-ajtkhan-kelinshek-kozine-zhas-aldy-322004

Егер, Мейрамбектің «Мен ешкімге жамандық тілемеймін» деген сөзі рас болса, ол мына жағдаларды терең зерделер еді:

біріншіден, Мырзантай ЖАҚЫП ешкімге біреудің «жолын, қызметіне таластың» деп айтқан жоқ; екіншіден, ешкімге «экономика, заң, физика сияқты басқа саланы қудың» деп жала жаппады; үшіншіден, «ел сөз қылады» деп ешкімгі күстаналамады; ең бастысы, дәп осы Мейрамбек Бесбаевтың атын атап, түсін айғақтаған жоқ… 

Сонда әлгіндей әлем әңгіме кімге керек? Сонда ешкім өзінің сыни пікірін білдірмеуі керек пе, біздің елде? Өнер адамдарының қайсыбір пендешілік кемшіліктеріне көз жұмып; оларды үнемі, әрдайым көтермелеп, қол шапалақтай беруіміз керек пе?..

Біраз бұрын жорналшы ағамыз Қали Сәрсенбай әнші ініміз Мейрамбек Бесбаевтың атына аңыраған салақұлаш арнау-хат жазғанда, аң-таң қалып едік. Іле-шала әжептеуір ақын Бақыт Беделханұлы да Қали ағаның салақұлаш арнау-хатына ілестіріп-тіркестіріп жыраулыққа салынғанда, мынадай қызық «құбылысқа» шарадай басымыз шақшадай болып еді… 

Қали Сәрсенбай ағамыз бен Бақыт Беделханұлы ініміздің өз бастарына сай таланты мен қадірі жеткілікті сияқты еді… 
Қайдам, әлем теңселіп, адам «белсенген» заман ғой, түсіну тым қиын…

Сонымен, өз басым, тағы да (әдеттегідей…) ақиқат жағындамын. Себебі, Ақиқатты – Алла Тағаламыз жақсы көреді!

…Айдалада алыстағы қазақ ауылында әлі аудан орталағын көрмеген, бәлкім, әкесі жоқ, анасы жесір, бауырлары шиеттей көп бір қазақтың баласы (ұлы немесе қызы) білімге ұмтылып, ғылымға қызығып, талап қылуы мүмкін

бірақ, мемлекет бөлген оған тиесілі білім грантын аптасына бес тойға барып ((әр тойдан 10 (он) мың АҚШ долларын алған (қазіргі қазақ ақшасымен – 3 млн 400 мың теңге)), демек, бес тойдан 17 млн теңге алған әнші алып кетсе, осыны кім ӘДІЛДІК деп есептейді?!. 

Әлбетте, біз түсінеміз: ректорларда да ұл мен қыз һәм немерелер бар, олар да үйленіп-тұрмысқа шығып, той жасайды; сол тойларға әншілеп келіп, жұрттың көңілін көтеріп, ән шырқаулары керек! Яғни, әншіге тегін мемлекеттік грант қажет болар?!. 

Көрдіңіз бе: бір-біріне маталап-байланған, үздіксіз-үзілмейтін байланыстар… Тіпті, сығысып-сыбайласып жатыр… 

https://kaz.365info.kz/zhabysyp-tyrgan-khyz-kim-mejrambek-bespaevtyn-sureti-zhelini-shulatty-foto-271740

…Мейрамбек Бесбаев – менің ешкіммен теңестірмейтін талантты әншім! Мәдениеттану саласындағы ғылыми жетістігіне де шын қуанамын. Дегенмен, үлкеннің ескертпесіне – есі бар, иманы кемел мұсылмандық мінезбен қарасақ деймін…

Мырзантай Жақып – кездескен де, сөйлескен де кісім емес. Ол кісінің шымыр шындығына тәнтімін! 
Жігіттер, шындықты өлтіріп алсақ, шыңғырсақ та – шырақ тұтанбайды. Бұл тұрғыдан алғанда, Мырзантай көкем – нағыз еркек!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз