Америкалық Дэнис Кин карантин кезінде қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің өміріндегі таңғаларлық фактілерді зерттеп, оның «Америка әсерлері» атты аяқталмаған еңбегін оқыған. Дэнис жазушының соңғы ұлы туындысын әлемнің барлық тілдеріне аудару керек деп есептейді.
Онымен бірге бір топта Степан Щипачёв, Леонид Леонов және Олесь Гончар секілді жазушылар да болды. Мәскеуден келген аудармашы, сыншы Софья Крюгерская, Мемлекеттік департамент мүшелерінен құралған команда — Қоғаммен байланыс бюросының қызметкері Джон Бейкер, Натали Грант Врага және кеңесші және аудармашы Борис Кравец олармен бірге жүрді.
«Бұл шынымен де тарихи сапар болды, алайда бүгінгі ғалымдар оның маңыздылығына мән бермей отыр. Мүмкін түпнұсқаның болмауы кедергі болған шығар.
Мұнда 20-ғасырдағы қазақтың ұлы мәдениет қайраткері, американың дәл ортасында кеңестік күшті таратқан Мұхтар Әуезов болды!
Әуезов АҚШ-қа жасаған сапарынан кейін, көркем сөз алыбы қатерлі ісігін алып үшін жасалған ота барысында көз жұмады. Оның «Америка әсерлері» аяқсыз қалды, ао оның өміріндегі ең соңғы ұлы оқиға айтылмай қалды», — деп жазды Дэнис өз зерттеуінің қорытындылары турады.
Ол
«Америка әсерлері» очеркін әлемнің көптеген тілдеріне аударуға мүмкіндік жасалып, еңбек қалың көпшілікке қолжетімді болуы керек дейді
— Менің ойымша, америкалықтар бұны теңдесіз оқиға деп бағалар еді: Мұхтар есімді адам эпос жазып, оны Конгрестен тапты.
Дэнис Қазақстанға жасаған алғашқы сапарынан кейін лингвистика мамандығын таңдайды. Қазақ халқының мәдениетіне шын жүрегімен сүйсінгенін айтады. Стенфорд университетінде қазақ тілін оқи бастаған. Кейін Қазақстанға оралып, қазақ қызына үйленген. Өткен жылы жұбайымен АҚШ-қа қайтып оралады, қараша айында ұлдары дүниеге келді.
— Мен Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде (UCLA) профессор болып жұмыс атқара бастадым.
Айтпақшы,
америкалық архивтерде Әуезов Лос-Анджелестегі университтердің бірінде болған деген дерек бар
Калифорния университетінде славян және еуразия тілдері мен мәдениеті бөлімінде сабақ беремін. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті және қазақ тілін оқыту бойынша курстар бар.
— Карантин кезінде немен айналыстыңыз?
— Zoom арқылы қазақ тілін үйреттім, оқушылар оны жақсы көреді. Жақында құрбым Грейс Гарреттпен бірге «Таңғалдырар Қазақстан» кітабын аяқтадым.
— Әуезовтың соңғы сапары туралы зерттеуіңізге қайта оралайық. Сіз қалай жұмыс істедіңіз? Біздің архитегі құжаттарды шетелдік ғалым қаншалықты ашық қолдана алады?
— Маған Әуезовтың сапары туралы деректерді істеу қызықты болды, ол туралы мен оның мұражай-үйіне барған кезде білдім.
Ағылшын тілінде жазылған ақпарат іздеп көрдім. Бірнеше қызықты дереккөз таба алдым
— Қалай ойлайсыз, кеңес жазушыларына АҚШ қандай әсер қалдырды? «Жау» елге жасаған сапар олардың шығармашылығын ықпал етті? Сондай-ақ ары қарай әріптестерімен қарым-қатынасына қандай әсері болды ма?
— АҚШ-тан алған әсері қандай болғанын дөп басып айту қиын. Олардың сапар бойынша жасалған есептері белгілі бір идеологиялық формула бойынша құрылды. Әуезовке оның сапарының бір бөлігі әсер еткені анық. Соның ішінде Шекспир кітапханасына баруы.
Әуезов сапардан бір жыл өткен соң көз жұмды, сондықтан оның жұмысына қалай әсер текенін айту мүмкін емес. Алайда Щипачёв өзінің сапары туралы «Нью-Йорк» деп аталатын өлең жазды.
— Қалай ойлайсыз, кеңес және америка жазушыларының әңгімесі қаншалықты адал болды? Яғни КСРО мен АҚШ-тың идеологиясы мен стереотипі олардың араласуы мен түсініктеріне әсер етті?
— Америкалық газеттердегі сұхбаттарды оқу мен үшін қызықты болды, бір жағынан жазушылар кеңес идеологиясы мен мәдениетін жақтады. Олар кеңес жазушылар ең керемет сөз шеберлері, олар өті білімді және т.б. секілді мақтауларлды үнемі айтып отырған.
Менің ойымша, кейбір мәселлер туралы дұрыс пікір білдірген. Мысалы,
қарапайым кеңес азаматы америкалыққа қарағанда көбірек оқиды
Бірақ америкалық журналистердің идеологиялық теріс сенімдері де таңғалдырады. Мәселен, олар Мұхтар Әуезов немересінің «Кадиллак» машинасын әкеліп беруін сұраған. «Көрдіңіздер ме, кеңестіктер біздің тұтынушылық таңдауымызға қызығады» деп жазды.
Бірақ әр тарап өзінше баға берген.
Америкалықтар өздерінің материалдық байлық тұрғысынан басым екенін сезінсе, Кеңестер моральдық және мәдени басымдылыған алға тартқан
Әрқайсысы өз ойында қалған болу керек.
— Дэнис, сіз зерттеулеріңізді ары қарай жалғастыруыңыз керек, мен бұған сенімдімін.
— Мен америкалық архивтерден материалдар іздеуге дайынмын, қазақ тіліндегі архивтерден материалдарды алу үшін қазақстандық ғалымдармен сертіктестік құрғым келеді. Оның маңызы зор деп ойлаймын, біз-бірімізге көмектесуіміз керек.