Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Амандық Баталов тау бөктерін зерттеуді тапсырды

133

Сарапшылардың пікірін тыңдай келе Амандық Баталов бірқатар тапсырмалар берді. Ең алдымен өзеннің түбін тереңдету үшін өзен сағасына шынжыр табанды экскаваторлар қолдану керек. Егер тау массасы өзенді жауып тастаса, суды сарқып алу немесе сифондық əдіс арқылы морена көліне су құю тəсілін қолдану керек.

«8 сəуірде бұл жерде жер сілкінісі болған, оның артынан жауын жауды. Мұнда тектоникалық жарылу сызығы бар. Осының бəрі жинақтала келе, қалыптасып отырған жағдайды туғызуы мүмкін. Қазір тау бөктерлеріне, əсіресе елді мекендер маңына мұқият зерттеу жасау керек», – деді Амандық Баталов.

Сонымен қатар, облыс əкімі электр желілерінің айналма жолын жəне геологиялық жағдайларды ескере отырып жол салу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқиға орнына барлық қажетті техника жұмылдырылған, тау массасының қозғалысы сағат сайын бақыланып отыр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ облыс əкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кейбір БАҚ-та жарияланған Саты ауылына апаратын жол жабылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жол жабылған жоқ, ашық. Тау массасының қозғалуы «Көлсай көлдері» Ұлттық саябағы кардоны маңында орын алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз