Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
468
-2.37
EUR
540
-2.64
RUB
5.73
-0.05

«AMANAT» партиясы 1200 шақырымдық туристік соқпақты іске қосады

Соқпақ бойындағы негізгі аялдамалар қазірдің өзінде туристік тартымдылығы бар орындарға айналуда. Осындай нысандардың қатарында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Көк Жайлау шатқалы, Бутаков шатқалы, Алма-Арасан ыстық бұлақтары, Үлкен Алматы көлі, VIII-XIII ғасырлардағы Талхиз қалашығы, сондай-ақ «Oi-Qaragai» тау курорты бар.

Жоба іске қосылған күні қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында тауда қоқыс жинап, плоггинг – экологиялық іс-шара өткізді.

«Алатау аманаты» жобасын бір жарым жылда жүзеге асыру жоспарлануда. Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясы сарапшылармен бірлесіп, жобаға заңнамалық қолдау көрсетеді. Туристік соқпақтарды құқықтық тұрғыда реттейтін база құрылады, сондай-ақ оларды жобалау мен абаттандырудың бірыңғай ережелері әзірленеді. Болашақта шытырман оқиғаға толы туризмді дамытудың осы тәсілін ел аумағында кеңінен қолдану жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз