Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Алжыған ол…”. Ақтөбеде 91 жастағы ардагерді немересі ұрып-соқты

Зейнеткер ауруханаға дүйсенбі күні, 25 маусымда түсті. Дәрігерлер 91 жастағы әжейдің миы шайқалып, қабырғасының сынғанын айтты.

Қарт әйел 42 жастағы немересімен бірге тұрған екен. Полицейлер әжейді дәл сол немере қызыныі ұрып соққанын анықтады. Күдіктіні полиция бөлімшесіне алып келгеннен кейін, ол кінәсін мойындады.

Ауруханада хабарлағандай, зейнеткер сейсенбі күні ауруханадан шығарылды. Оны туған ұлы өз үйіне алып кеткен.

Сонымен қатар, немересі журналистерге әжесінің алжығанын және көшеде жүріп құлап кеткенін түсіндірді.

“Әжем кәріліктен алжыған.

Ол әрдайым үйден кетіп қалады, оны үнемі іздеп жүреміз. Осы жолы да ешкімге айтпай бір жаққа кетіп қалған, шамасы сол жерде құлап қалған. Әжені ешкім ұрған жоқ! Қазір оны ұлы, яғни менің әкем алып кетті. Ол үнемі дәрігерлердің қадағалауында, көп ұзамай оны психиатриялық ауруханаға тіркеуге алады”,- деді немересі.

Сондай-ақ, немересі әжесінің қызықты өмір сүргенін және кеңестік жылдарда тылда жұмыс істегенін айтты.

«Ол молшылықта өмір сүрді. Әжем өте мықты әйел, ол әрқашан қалағанына қол жеткізе алатын. Қазірдің өзінде ол 100 мың теңге зейнетақы алады. Оның отбасы үлкен, балалары мен немерелері бар. Бірақ жасы келгенін өздеріңізде түсінесіздер. Сондықтан мұнда дау тудыратын ешқандай мәселе жоқ », – деді әйел.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз