Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алып көпір екі ауданға жол ашты

123

Енді сол көпір толықтай пай­да­лануға берілді. Бұрын ені 9 метр ғана болған көпір күрделі жөндеуден соң 21 метрге дейін кеңейді. Бір жарым млрд теңгеге жуық қаржыға жөнделген кө­пір құрылысын «Корпорация Бере­ке А» серіктестігі жүр­гізді. Техникалық қадаға­лаушы «Ер Грант Строй» ЖШС болса, жо­балаушы «Алматы Жоба» серік­тестігі. Ұзындығы 250 метрге лайықталған құрылыстың 170 метрін көпірдің өзі алса, қалғаны жан-жағын бекемдеу мақсатында пай­даланылған. Бұрын екі жо­лақ жол болса, жаңа көпір алты жолаққа созылып жа­тыр. Нәти­жесінде осы жер­ге түйісетін Төле би, Қа­пал батыр, Анаров және Ақназар хан көшелеріндегі кеп­теліс анағұрлым азайды. Тәу­ел­сіздіктің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген жаңа көпір­дің ашылу салтанатына тұрғындар көп келді.

Батамен ел де, ер де кө­гереді. Жа­ңа көпірді ашарда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ел ағала­рынан бата сұрады.

– Елбасының тапсырмасына сәйкес, Шым­кент еліміздің үшін­ші ме­га­­полисіне айналуда. Ал мегаполис ұғымы халық санының артуымен өлшен­бейтіні белгілі. Осы дәре­жеге лайықты болу үшін барлық салада өсу және даму жоғары қарқын алуы қажет. Қаланың осы талаптарға сай болу бағытында бірқатар жұмыстар атқарып келеміз. Соның бір дәлелі – бүгінгі пай­далануға берілген көпір. Бұл – тұрғындардың қауіп­сіздігі мен өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жа­сау­дың көрінісі. Алдағы уа­­қытта жол кептелісінің алдын алу мақсатында ша­һардағы бір­неше жерден жолайрықтар салу эко­но­микалық-әлеу­меттік даму жоспары­на енгізілді, – деді Ж.Түймебаев.

Мердігерлер көпірді салу­дың машақаты көп бол­ғандығын айтады. Қа­ланы аудан орталық­та­рымен байланыстыратын көпірдің астынан пойыз жолының тоғыз тармағы өте­ді. Жолаушылар пойызынан бөлек, жүк эшелондары бар. Ортақ іске сала басшылары түсіністікпен қарап, кесте белгіленген. Бір-бі­рінің жұмыстарына кедергі кел­тірмеуге арадағы түсіністіктер себеп болған. Бұған қоса айтарымыз, облыста 664,7 шақырым жол, 17 көпір жыл соңына дейін  пайдалануға берілмек.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз