Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алтыншы қабаттан құлаған алты жасар қыз аман қалды

Оқиға сенбі күні болған екен. Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала бас-сүйек жарақатын алған және сол жақ иығы сынып кеткен. Абырой болғанда аман қалған баланы дереу балалар емханасының жан сақтау бөліміне жеткізген. Мұндай оқиға Семейде жыл басынан бері бірінші рет тіркелгенімен, елімізде осыған ұқсас, терезеден құлап мерт болып жатқан балалар саны азаяр емес. Осыған орай төтенше жағдай қызметкерлері дабыл қағуда.

“Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында жанағы көп қабатты үйлердің тұрғындарынан сұрайтынымыз, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, терезелеріне темір тор орнатқанын жөн деп санаймыз”, – дейді Семей қаласы ТЖБ АҚ бөлімінің офицері Думан Икенов.

Қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіннің жағдайы қалыпты. Дәрігерлер алаңдауға негіз жоқ дейді.

“12 тамызда хирургия бөліміне алтыншы қабаттан құлаған бала келіп түсті. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, емін алуда, емі жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр”, – дейді Думан Икенов Мейрамғазы Дюсупжанов.

Жоғарғы қабаттан құлаған қызды анасы үйге жалғыз қалдырып, сыртқа шығып кеткен екен. Науқастың ата-анасы сұқбат беруден бас тартып, мән-жайды баяндауға ниет білдірмеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз