Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Алтынның бір грамының бағасы 20 мың теңгеге дейін жетті

1482
Дереккөзі: Kapital.kz

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша  2020 жылдың 21 ақпанында Қазақстандағы бір грамм алтынның ресми бағасы 19 475 теңге 29 тиынды құрап отыр. Бар жоғы бір жарым айдың ішінде оның бағасы 5,1% (950 теңгеден артық соммаға) артқан. Банк депозиттерінің ешқайсысы мұндай  пайыз ұсына алмайды. Шетелдік валюталардың құны арзандап жатқан уақытта, алтын ең пайдалы және барлығына қолжетімді инвестиция салу көзі болды.

Жалпы алғанда,  біраз уақыттан бері құнды металдың өсу динамикасын байқауға болады.

бір жылдың ішінде (2019 жылдың 20 ақпанынан бастап) бір грамының бағасы 21,3% (3,4 мың теңгеге) артқан

Қазақстанда алтын бағасы бұған дейін осы соммаға көтерілген емес.

Алайда, әлемдік бағалардың да өскенін көруге болады. Қазір трой унциясы $1 645 жуық, бұл 1 қаңтармен салыстырғанда $125 артық. Бір аптаның ішінде, 17 ақпаннан 21 ақпанға дейін бағасы $60 долларға өскен. Бұл соңғы 7 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Соңғы рет 2013 жылы алтынның бағасы осы деңгейге жеткен.

Неліктен бағасы қымбаттады?

Алтын бұрыннан бері қорғаныс активі болып есептеледі. Яғни инвесторлар ақшаны валютаға, мұнайға немесе құнды қағаздарға салу қауіпті деп есептегенде, алтынға инвестиция салады. Әдетте валюта бағамы құлдырағанда немесе нарықта белгісіз жағдай орын алғанда алтынға сұраныс артады. Қазір де осы жағдайды байқап отырмыз.

Негізгі фактор  — коронавирус. Ауру жұқтырғандардың саны 76 мыңға жетті, 2,2 мың адам қаза болды. Бұл ең көп зардап шеккен  Қытайдың экономикасына да әсер еткені сөзсіз. Біріншіден, қарапайым өндіріс қиын жағдайға тап  болды. Жаңа жылдық демалысты бастапқы кезде бір жарым аптаға ұзартты. Демалыс біткеннен кейін өндіріс көлемі тиісті деңгейдің жартысына әзер  жетіп отыр.

Шағын бизнеске шикізат және тауарлар тапшылығы және де клиенттер санының күрт төмендеуі де өз әсерін тигізуде. Интернетте жұмыс істейтін Қытай халқына ғана коронавирустың ықпалы төмен болды, олар онлайн режімде жұмыс істеуде.

Аспан асты еліндегі жағдай әлемдік экономикаға тікелей әсер етті. Болжамдарға сәйкес, Қытайдан келетін смартфондар, ноутбуктер мен ақылды сағаттардың жеткізілімі 2020 жылдың бірінші тоқсанында 10–16% төмендейді. Ал бұл өз кезегінде өндірістік металдар мен шикізаттың сұранысын төмендетеді.  Ресейдің Қаржы министрі Антон Силуанов коронавирустың әсерінен күніне 1 миллиард рубль жоғалттық деп бағалады.

Бағаның өсуі қордың өсуіне себеп болады

Қазақстан үшін алтынның өсуі жақсы жаңалық. Республиканың халықаралық қоры біраз уақыттан бері доллардан құнды металға ауыстырылуда. Ұлттық банктің деректеріне сәйкес 2020 жылдың қаңтарының қорытындысы бойынша еркін айырбасталымды валюта $9 млрд 667 млн-ды құрайды. Бұл жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1% төмен.

Алтынға салыған активтер керісінше, жыл басынан бері 4,1% артып, 19 млрд 643 млн долларға жеткен. Алтын бойынша Дүниежүзілік кеңестің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан құнды металлдар қорының көлемі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында. Яғни, алтынның бағасы артса, халықаралық қор көлемі де артады.

Табыс рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда осыған сәйкес өндіріс те артып отыр. 2019 жылдың қорытындысы бойынша республикада 57,6 тонна тазартылған алтын өндірілген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,1% артық. 2020 жылдың басында да өсу динамикасы байқалды, 3,8 тонна өндіріліп, үздік нәтиже көрсетті.

Тағы бір айта кетерлігі, алтынның көп бөлігі елдің ішінде қалды. 2019 жылы шетелге 3,3 тонна өңделмеген және жартылай өңделмеген алтын шығарылған. Оның басым бөлігі (2,9 тонн) Қырғызстанға жіберілді. Әлемдік бағаның өскеніне қарамастан, экспорттан түсетін ақша төмендеп кетті. 2018 жылы $9,6 млн пайда түссе, 2019 жылы $5,3 млн ғана болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз