Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Алтынды қойшы!». Жер бетіндегі ең қымбат металлдар

842

Бір граммы шамамен 58 доллар тұрады

Родий автөліктердің катализаторларында пайдаланылады. Бұл металлдың ешқандай биологиялық рөлі жоқ. Родий күнделікті өмірде сирек кездеседі, оның адам ағзасына әсері әлі толық зерттелмеген. Бірақ ол улы металл. Родий тұзы адам терісінің түсін өзгерте алады.

Платина

Бір граммы шамамен 60 доллар тұрады

Платина — алтын сияқты сән-салтанат пен байлықтың белгісі. Жыл сайын зергерлік мақсатта 50 тонна платина жұмсалады.

Плутоний

Бір граммы шамамен 4000 доллар тұрады

Ең ауыр радиоактивті металл. Ядролық қару, ядролық отын, атом реакторлары, ғарыш аппараттарының қуат көзі ретінде жиі қолданылады. Сол үшін тым қымбат тұрады.

Тритий

Бір граммы шамамен 30 000 доллар тұрады

Термоядролық мақсатта пайдаланылады. Тритий жер бетінде өте аз — 14 жыл бұрын оның бар қоры небәрі 18 келі болған. Қазір қанша қалғанын ешкім білмейді.

Осмий-187

Бір граммы шамамен 200 000 доллар тұрады

Аса күрделі жолмен алынатын құнды металл жеті изотоптан тұрады.

Калифорний 252

Бір граммы шамамен 27 миллион доллар тұрады

Бұл енді сұмдық металл. Нейтронды-активациялық анализ, қатерлі ісіктерді сәулемен емдеуге қажетті нейтрондардың қуат көзі. 1958 жылы Батыста ашылып, сол кезде бір-ақ рет жасалған.

Trendymen 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз