Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алтын-валюта резервтері: ХВҚ Ұлттық Банкке табысқа шығуға көмектесті

Фото: Zakon.kz

Бірақ бұл статистикалық жағымды жағдай Ұлттық банктің күш-жігерінің арқасында емес, халықаралық валюта қорының жомарт сыйы болды.

Тамыз айының соңында ХВҚ барлық мүше мемлекеттерге өзінің тарихындағы ең үлкен қаржы ресурстарын бөлді. Жалпы көлемі – шамамен 456 млрд АҚҚ (Арнайы қарыз алу құқығы), ол $650 млрд-ты құрады.

Тек үш ел қалыс қалды — үкіметтердің өкілеттілігінде белгісіздік орын алған Венесуэла, Мьянма және Ауғанстан.

АҚҚ бөлу ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің квоталарына сәйкес жүргізілді. Қазақстан үлесіне $1,6 млрд тиді. Ережеге сәйкес бұл қаражат орталық банктердің қорына түседі.

Сондықтан тамыз айында біз еркін айырбасталатын валютадағы активтердің айтарлықтай – $1 млрд 679 млн-ға (13,75%) өскенін көріп отырмыз. Нәтижесінде ЕАВ-тағы қор $13 млрд 895 млн-ды құрады, бұл 2019 жылғы қыстың соңындағы деңгейге сәйкес келеді.

ХВҚ-ның қаражат бөлуі  Ұлттық Банктің жыл басымен салыстырғанда валюталық активтерінің серпінін айтарлықтай жақсартты. Олардың көлемі $1 млрд 839 млн-ға (15,26%) өсті.

ҚР Ұлттық Банкінің ЕАВ-тағы активтері, кезең соңындағы млн АҚШ доллары 

Соңғы жылдары Ұлттық Банк ставка жасайтын монетарлық алтындағы активтер тамыз айында 0,59%-ға ғана ұлғайды. Ал жыл басынан бері 2,87%-ға төмендеді.

Дегенмен, валюталық активтердің күшті өсуінің арқасында тамыз айында жалпы халықаралық резервтер айтарлықтай өсті (5,18%-ға). Абсолюттік мәнде – $1 млрд 813 млн.

Мұндай деңгейде олар 2011 жылдың тамызынан бері болған жоқ. Ағымдағы жылдың басынан бері олардың көлемі $1 млрд 162 млн-ға (3,26%) ұлғайды. Яғни ХВҚ сыйлығынан сәл аз.

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері, кезең соңындағы млн АҚШ доллары

Ұлттық қор — кірістер шығыстардан аз

Ал қаражатының басым бөлігін Ұлттық банк басқаратын ҚР Ұлттық қорының осы жазда жағдайы мүлде түзелген жоқ.

Тамыз айының соңына қарай оның активтері 2018 жылғы қарашадан бастап ең төменгі белгіге – $56 млрд 866 млн-ға  жетті. Тамызда – 0,05%, ағымдағы жылдың басынан бастап – 3,2% (абсолюттік мәнде – $1 млрд 877 млн) төмендеді.

Сонымен қатар, Президенттің жақындағы қабылдауында Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев ағымдағы жылдың 8 айында инвестициялық табыс $2,3 млрд, оның ішінде тамызда — $316 млн төңірегінде қалыптасқанын мәлімдеді.

Шамасы, бұл айтарлықтай кірісті Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген және мақсатты трансферттер жапқан тәрізді. Өйткені, Ұлттық Банкте түсіндіргендей, тамыз айында трансферттер бойынша өтінімдерді орындау үшін Қордан $845 млн сомасында валюта сатылған. Бұл ретте шетел валютасындағы түсімдер көлемі $506 млн-ды құрады.

ҚР Ұлттық қорының активтері, кезең соңындағы млн АҚШ доллары 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз