Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алтын туралы сіз білмеген деректер

1362

Эвкалипт ағашының жапырақтарында да алтын болады екен.

Алтынды руданың бір тоннасымен салыстырғанда, бір тонна ұялы телефонда алтын көбірек.

Алтын экономиканы көтеріп қана қоймай, оны құлата да алады. Мали империясының билеушісі Манса Мұса Мысырда алтынды көптеп өндіргені соншалық, алтынның девальвациясы басталып кетті.

Кемешілер мен теңізшілер алтын сырға таққан. Өлген жағдайда достары сол алтынды сатып, матросты абыроймен жерлеу мүмкіндігін алған.

Олимпиаданың алтын медалінің құрамында бір пайыз ғана алтын бар.

Әлемдегі ең үлкен алтын құймасының салмағы 250 келі.

Жер бетіндегі алтынның жартысына жуығы Оңтүстік Африкадағы Витватерсранд деген жерде өндірілген.

Алтын Жерге негізінен метеориттер арқылы келген.

Алтын – Жердегі алты құрлықтың бәрінде бар. Алтын үшін соңғы соғыстар Арктика өтуі бек мүмкін.

Балмұздақтың шынайы дәмін тексеретін мамандар оны алтын қасықпен жейді екен.

Алтын көрсе, қорқатын адамдар бар. Бұл ауру – аурофобия деп аталады.

Дубайда алтын құймаларын беретін банкоматтар бар.


https://kaz.365info.kz/altyndy-khojshy-zher-betindegi-en-khymbat-metalldar-271940

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз