Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

«Алтын белгіні» өздері беретінін естіген мектеп директорлары «алақайлап» жатыр

«Алтын белгіні» мектеп ұжымы өзі белгілей алса, қай мектепте неше «Алтын белгі» иегері бар» деген рейтингті қуалаған мектептер олардың санын күрт көбейтпей ме? Баласына «Алтын белгі» алып бергісі келген ата-ана өз ауылындағы мектеп директорына пара ұсынбасына кім кепіл?» деген ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева былай деп жауап берді:

«Жылда бізде 5 мыңға жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер ретінде тіркелетін. Оның ішінде, өткен жылы сол 5 мың оқушының 52 пайызы «Алтын белгісін» дәлелдеді.

Енді «Алтын белгіні» бекіту құқығын мектеп ұжымына бердік.

Бұрын «Алтын белгіні» Ұлттық бірыңғай тест тапсырғаннан кейін Білім министрлігі бұйрықпен бекітетін. Егер тесттен сүрінбей өтіп, білімін дәлелдей алса. Ал қазір бұйрықты мектептің директоры шығарады. Мектептің директоры педагогикалық кеңестің шешімімен кеңесіп, бұйрығын шығарады.

Сұрағыңыздың жаны бар. Биыл «Алтын белгі» иегерлері күрт көбейеді деген қауесет бар. Бірақ, мына бір жайтты қаперде ұстаңыздар. Өйткені, осыған дейін «Алтын белгіні» алған бала Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылатын. Енді «Алтын белгі» мектептің рейтингісіне де әсер ете алмайды.

Бірақ, «Алтын белгі» иегері мен басқа оқушының тестідегі балы бірдей болса, грант «Алтын белгі» иегеріне беріледі.

Рас, шетелдердің көбінде «Алтын белгі» деген жоқ. Шынын айтсақ, бұл кеңес өкіметінен қалған белгіміз. Бүгінгі күні балаларға мотивация берудің бірден бір жолы – «Алтын белгі», – дейді Жаңыл Жонтаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз