Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Алтын адамның” түпнұсқасы әлемді аралауға “шықты”

Бұл елдегі ұлттық көркемөнер музейінде Қазақстаннан әкелінген жауһар жәдігерлер қойылды. Көрме ашылмай жатып-ақ жұрт оны әлем өнеріндегі басты шара деп бағалап үлгерді. Беларусь астанасындағы Көркем мұражайдың басты залына қойылған жәдігерлер теңдесі жоқ бірегей. Мұнда 232 экспонат пен сап алтыннан жасалған 120 әшекей бар. Халықаралық жоба елдің мәдени өміріндегі басты шараға айналды. Өйткені біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдағы, яғни темір дәуіріндегі асыл бұйымдар адамзат тарихындағы ең ежелгі жәдігерлер болып саналады.

Алла Гаврилова, Беларусь Ұлттық көркем мұражайының жетекші ғылыми қызметкері:

– Бұлар – түпнұсқалар. Менің ойымша, біздің көрермендер бұл жәдігерлермен алғаш рет танысайын деп отыр. Тіпті бүкіл ТМД елдерінің ішінде бірінші десем де болады. Ал мына «Алтын адам» – көрменің басты жәдігері. Ол қазір қала көшелерінің барлық жарнамалық тақтасында ілініп тұр. Өйткені соған лайық.

Сақ алтындары 1969 жылы Алматыға жақын жерде табылды. Сақ көсемінің жерленген орнын әйгілі қазақстандық археолог Кемал Ақышев бастаған экспедиция ашты. Қолбасшының бас және үстіңгі киімінің әшекейлері сол қалпында сақталған. Бұл «Алтын адамды» жинап, құрастыруға мүмкіндік берді.

Елена Сенькевич, Беларусь Ұлттық көркем мұражайының жетекші ғылыми қызметкері:

– Сіздің елде табылған мына экспонаттар туралы тарихқа қанықпын. Қазақстан үшін өте маңызды болып саналатын бұл жаңалықты Мысырдағы Тутанхамон қабірінің табылуымен салыстыруға болады.

Мұражай қызметкерлері де мұндай жәдігерлердің өз залдарында бұған дейін ешқашан қойылмағанын айтады. Экспонаттар аса құнды болғандықтан көрме үшін оқ өтпейтін шынылар жасалды. Жәдігерлер 10 млн еуроға сақтандырылған. Ал Беларусь тұрғындары әлемдегі ежелгі алтын жәдігерлер топтамасын айдың аяғына дейін тамашалай алады. Содан кейін ол Еуропа мен Солтүстік Америкаға сапар шегеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз