Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алты ай бұрын ЖОО-ға түсу үшін қанша балл жинау керек? Сағадиев былай дейді…

Министрдің айтуынша, мектеп бітірерден алты ай бұрын ақылы оқуға түсетіндер ЖОО-дағы бекітілген төлеммен, ешқандай жеңілдіксіз білім алатын болады.

Яғни, ЖОО-да ақылы оқуды қалайтын мектеп түлектері ҰБТ-ны қаңтар айында тапсырып, жаздағы дәстүрлі ҰБТ-ға қатыспауға құқылы.

Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты өзгерістерді жариялаған болатын. Оның айтуынша, біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі.

Екіншіден, қаңтардан бастап мектеп түлектері үшін ақылы негізде оқуда шартты түрде түсуге мүмкіндік беріледі.

Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел азаматтарының оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.

Төртіншіден, шетел азаматтары, соның ішінде қазақ диаспорасы үшін стипендиялық бағдарламалар енгізіледі. Бесіншіден, магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз