Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Алтай Әбибуллаевтың қызметінен неге кеткенін министрлік түсіндіріп берді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz агенттігінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

“2017 жылғы 9-ақпанда өткен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы барысында ҚР Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаевты шаруашылық жүргізуші субъектілерінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекеттенумен байланысты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қаралды”, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алтай Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

2017 жылы 1-наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Осыған дейін елшіні жауапкершілікке тарту ұсынылған. Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі болып 2016 жылдың 11 мамырында тағайындалған еді.

Айта кетелік, кеше елшінің қызметінен босауы туралы ресми мәлімет берілмеген соң, кейбір БАҚ-тарда оны орысша сөйлемегені үшін қызметінен босатыпты деген алып-қашпа әңгіме тараған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз