Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Алматының сот орындаушыларына “крышасына” шағымдануға тыйым салынды

123

Әлеуметтік желілерде танымал қоғам қайраткері Ғалым Байтуктың Facebook парақшасында билік атынан оңтүстік астананың барлық ЖСО-на жазылған хат пайда болды. Онда Дәурен Аймақов қазақтың мәтеліне сілтеме жасай отырып, кейбір қызметкерлерді ұятқа шақырды. Оның пікірінше, олар жауапсыздығымен әріптестеріне “нашар үлгі” болды. Әңгіме 2021 жылғы 20-30 қыркүйек аралығында “Борышкер” жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде ЖСО ұйымдастырған “диверсия” туралы болып отыр.

Ұят қайда, ЖСО!

Аймақов өз қаулысында былай деп жазады (орфография және пунктуация сақталған):

“Сіздің әрекетіңіз, әрекетсіздігіңіз тәртіптік комиссияның отырысында қаралатын болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Алматының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ЖСО-ға үндеу жасайды және барлығынан Өңірлік палатаның тапсырмасын ескеруді, “крышаға” және биліктің жоғары эталондарындағы байланыстарыңызға үміт артпауды сұрайды

(Өңірлік палатаның тапсырмасын орындамау түріндегі ұсақ-түйектер бойынша өз “крышаңызға” жүгінуге ұялуларыңыз тиіс…)

Жай ғана адами ар-ұжданыңызды оятып, тікелей функцияларыңызға, міндеттеріңізге саналы және жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Осы қызметтің арқасында өз отбасыларыңызды асырап отырсыздар, сондықтан Өңірлік палата түріндегі жұмыс берушінің тапсырмаларын неге елемейсіздер?..”

Алматы ЖСО өңірлік палатасының басшылығы мен мүшелерінің өзара байланысының жаңа үлгісі

Жалпы, Аймақов мырза өзін қаланың жеке сот орындаушыларының жұмыс берушісі деп санағаны өте қызық. Өйткені, олар процедуралық тәуелсіз тұлға мәртебесіне ие. Олардың палатаға мүшелігі еңбек ету құқығын алу үшін міндетті болып табылады.

Ар-намыс кодексі? Ондайды естімеппіз

ЖСО республикалық палатасының жарғысы бойынша оның мүшелері республикалық немесе өңірлік палатаның үкімдерін орындауға міндетті. Бірақ, өкінішке орай, біз бұл бұйрықтарға қандай талаптар барын таппадық. Егер олар болмаса, онда ЖСО палаталарының жетекші қызметкерлері “қамқоршыға шағымдануға тыйым салу” сияқты мысалдардан кейін кез-келген есерсоқтыққа бара алады.

Сонымен қатар, барлық ЖСО, ал Аймақов мырза жеке сот орындаушысының лицензиясына ие, Кәсіби ар-намыс кодексін сақтауы тиіс

Оның ішінде өңірлік палаталардың басшылары да. Айтпақшы, ол жерде ЖСО әдепті, адамгершілікпен, сыпайы, заңға сәйкес және т.б. әрекет етулері міндетті делінген. Жаргонмен сөйлеу немесе ұлттық мақал-мәтелдермен ар-ұжданға шақыру құқығы туралы сөз жоқ.

Алайда, біз ЖСО аймақтық палатасының ресми бланкінде осындай эпистолярлық жанрмен Аймақов мырза үндеу жасағанына таң қалмаймыз. 2017 жылы оны Ақтөбе сот сараптамасы орталығының директоры қызметінен дөрекілік пен өктемдігі үшін жұмыстан шығарған болатын. Бұл оқиға туралы біздің портал да жазды.

Жарамайтын мінез-құлық

Барлық аймақтық филиалдар бағынатын ЖСО республикалық палатасы Алматы басшысының орынбасарының үндеуіне пікір білдірді. Және осы әрекеті үшін жауап беруді талап етті.

Біз Дәурен Аймақовқа өз әрекетін жоғары басшылыққа қалай түсіндіргенін білу үшін хабарластық. Бірақ сұхбаттасушы біздің журналистті… Facebook-ке жіберді. Өз парақшасында бәрін түсіндірген екен. Алайда, біз әлеуметтік желілерден ештеңе таппадық — Аймақов мырзаның парақшасын да, қандай да бір түсініктемелерді де.

Түсіндіретін несі бар, алматылық ЖСО-ның “крышасы” бар екені бүкіл республикаға аян болды. Және олар оны пайдаланып жүргені анық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз