Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жұмыс берушілерге қызметкерлердің басым бөлігін қашықтан жұмыс істеуге көшіруді ұсынды.
— Вирустық аурулардың маусымдық өршуі кезінде жұқтыру қаупі жоғары, сондықтан адамдар өздерін және айналасындағыларды қорғап, маска режіміне бейжай қарамауы керек. Сонымен қатар, жұмыс берушілер адамдардың топтасып жиналуының алдын алу үшін қызметкерлердің басым бөлігін қашықтықтан жұмыс форматына көшіруді қолға алғаны жөн, – деген Бекшиннің сөзін Informburo.kz келтіреді.