Алматыда жанға жайлы пәтер табу неге қиын? Жалға алудың оңтайлы бағасы қанша? 60 мыңға не табуға болады, ал 100 және 150 мыңға не іздеу керек?
Алматыда тұрғын үйдің сан-алуандығы бірден байқалады. Мұнда уақытша жай, жатақханалар, әжелердің пәтерлері, жаңа салынған үйлер, элиталық апартаменттер. Соған қарамастан жалға алушылар пәтер іздеу кезінде көптеген мәслелеге тап болады: қымбат, алыс, өткізіп қою, пәтер “жарнамаға сәйкес емес”. Осылай апталап іздеп жүруі мүмкін.
Мұндай сәтсіздіктердің себебі де көп: дұрыс іздемеу, ақшаңызға сай келмеуі, аз уақытта көшу, келісімшарт жасау кезінде қағілез болмау және тағы басқа.
Бастамас бұрын, мына нәрселерді түгендеп алыңыз: бюджет, ауданы, аумағы, мерзімі, инфрақұрылымы. Өзіңізге бастысы және қосалқы дүниелерді айрықшалап алыңыз. Іздеу кезінде сауда мониторингін бақылап отырыңыз, қандай ұсыныстар жиі жасалады.
Krisha.kz қосымшасында “Пәтерді жалға алу” бөлігінде өзіңізге қажеттінің барлығын көрсетіп, қалғанын сызып тастауыңызға болады.
Нарық мониторингі бойынша 2019 жылы 22 тамызда Алматыда 1 шаршы метрді жалға алу орташа есеппен 2 460 (бұған 1, 2, 3-бөлмелі пәтерлер кіреді) теңге тұрады. Соңғы жылдары осы баға тұрақты.
Негізінде Алматыда ең арзан жалға берілетін пәтерлер Түрксіб ауданы (1 700 теңге/шаршы метр), Жетісу ауданы (1 800 теңге/шаршы метр) және Наурызбай ауданында (1 850 теңге/шаршы метр).
Бір бөлмелі пәтерлер осы аудандарда 60 000-70 000 теңгеден басталады. Екі бөлмелі пәтерлер 80 000-90 000 теңге тұрады. Үш бөлмелілер 95 000-нан басталып, 120 000-ға дейін барады.
Орташа баға ретінде Әуезов пен Алмалы аудандарын қарастыруға болады. Мұнда бір шаршы метрдің құны 2 500 теңге.
Ең жоғарғы баға Бостандық (3 450 тг/ш.м) пен Алмалы аудандарының бір бөлігінде (3 000 тг/ш.м).
Алтын квадрат болып саналатын (Гоголь – Сейфуллин – Қалдаяқов – Абай) аймақта жалға берілетін пәтердің бір шаршы метрі 3 400 теңгеден басталады. 1-2 бөлмелі пәтерді жалға алу 130 000 теңгеге табудың өзі қиын.
Табысты іздеу шараларының негізгі принципі: талап қою кезінде объектив болыңыз, нарыққа мониторинг жасауды ұмытпаңыз және дер кезінде шешім жасаңыз. Жаңа хабарламалар жиі шығып тұрады. Осы кезде жалға берушімен лезде хабарласу керек.