Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматының имамдары біліктілікті арттыру курсынан өтетін болды

Бұл Жол картасы аясында бірқатар бірлескен шаралар өткізу көзделуде.

Атап айтқанда, азаматтық қоғам саласы бойынша Алматыда үкіметтік емес ұйымдарға семинарлар өткізетін және де әлеуметтік зерттеулер жүргізетін арнайы Азаматтық орталық ашу жоспарланған екен. Екі тарап сондай-ақ азаматтық қоғам саласында U38 университеттер альянсымен тұрақты серіктестік орнатуды көздеп отыр.

Ал дін саласына келсек,

алматылық имамдар үшін арнайы біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру да жоспарланыпты.

Сонымен қатар, имамдар үшін республикалық семинарлар мен тренингтер өткізіліп, ақпараттық-ағартушылық материалдар әзірленбек.

Жастар саясаты саласында ТМД жастарының форумын өткізу, волонтерлердің республикалық слетін ұйымдастыру жөніндегі нақты жоспар құрылған.

Алматыдағы жұмыс сапары аясында министр Дархан Кәлетаев сондай-ақ ислам мәдениетінің «Нұр-Мүбәрак» Египет университетіне барып қайтуды және мегаполистегі үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өткізуді жоспарлауда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз