Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматының №4-ауруханасындағы адам өлімі: дәрігерлер қалай жазаланды?

фото phs-mt.ru сайтынан

Дәл сол ауруханада, сол неврология бөлімінде, бірнеше күннен кейін тағы бір пациентті аяғын ампутациялауға жеткізген, дұрыс ем жасалмаған жағдай орын алғаны белгілі болды. Медициналық мекеменің әкімшілігін дәрігерлердің тікелей міндеттеріне немқұрайлы қарауының екі айқын фактісі аса алаңдата қоймады. Біздің журналистімізбен телефон арқылы сөйлесу барысында №4 ҚКА-ның бас дәрігері Бейсенбеков Саги аурухана қалалық денсаулық сақтау бөлімінен өлім орын алғаны үшін сын естімегенін айтты. Инсульттан кейінгі тромбоздың салдарынан аяғын жоғалтқан ата туралы мүлде ұмытқан.

Бір бағытқа ғана билет

Ал біз еске саламыз. Сонымен қатар ақ халат иелері берген Гиппократ антының тоғыз негізгі қағидаттарының үшеуі: зиян келтірмеу, науқасқа көмек көрсету міндеттемесі, науқастың пайдалы болу мен оның мүдделерінің доминантына қамқор болу.

64 жастағы Юрий Иващенко 4-қалалық аурухананың реанимациясында 2021 жылы 5 қарашада 00.05-те қайтыс болған.

Ер адам ауруханаға 3 қарашада сағат 16.00-де, оның әйелі инсульт алдындағы жағдайдың айқын белгілерін байқаған кезде түскен — түсініксіз сөйлеу, бет бұлшықеттерінің қисаюы және жалпы әлсіздік.

Юрий ауруханаға келген сәттен бастап шамамен 2,5 — 3 сағатты қабылдау бөлімінде өткізген. Туыстарына кіруге рұқсат етілмеді, ал әйелі күйеуіне ұялы телефонын ғана беріп жібере алды. Ол мүмкіндігі болған кезде өмірінің соңғы сағаттарында отбасына жабық есіктің ар жағында не болып жатқанын айтып отырған.

Юрий Иващенко № 4 ҚКА жатқызу кезінде қабылдау бөлімінде. Ирина Иващенконың соңғы бейнебаянынан алынды

– Ол каталкада жатқанын, оған қандай да бір тексерулер жүргізілгенін айтты, — деп түсіндірді науқастың әйелі Ирина Иващенко. — Біз бірнеше сағат бойы ешқандай ем жасалмағаны туралы дау шығарып, оған жедел жәрдем бригадасы қойған тамырдан салатын ерітінді дәрі әлі тұрғанын айтқанда, бізді қандай да бір ремзалға кіргізді.

Олар көп дәрігерлер мен тек үш науқас жатқан бөлмені осылай атады. Барлық қызметкерлер смартфондарына үңіліп немесе оңды-солды бос кезіп жүрді

Мен телефоныма қысқа видео түсіріп алдым.

 

 

 

Ирина бұл жазба күйеуі тірі болған кездегі соңғы жазба болады деп ойламағанын айтады.

Содан кейін ер адамнан коронавирусқа ПТР тестін алып, транзиттік бөлімге жібереді, сонда ол түнеп шығады. Себебі алдымен, қазір белгілі болғандай, дәрігерлер науқастың ковид мәртебесін білуі керек, содан кейін оған ем жүргізу керек.

– 4 қараша күні таңертең телефон арқылы сөйлестік. Ол сол аяқтары жансызданғанын, үсті дымқыл екенін, зәрін ұстай алмағанын және киім ауыстыруға күші жоқ екенін айтты”, — дейді Ирина. – 4 қарашада түстен кейін Юрийді реанимацияға ауыстырды.

Оқиға қалай өрбігенін медициналық анықтама әдемі жеткізген. 3 қарашада сағат 16.25-те компьютерлік томография сол жақ ОМА (ортаңғы ми артериясы) тромбозының белгілерін көрсетті. Жалпы жағдайы ауыр. Бірақ пациент транзиттік бөлімшеде болуы керек.

Тек бір күннен кейін, 4 қарашада 16.12-де, оның жағдайы толығымен нашарлаған кезде, оған МРТ жасалды. Зерттеу жедел ишемиялық инсультты көрсетті

— 4 қарашада кешкі сағат 18 шамасында маған жұбайымның жағдайы нашарлап бара жатқанын хабарлады, – деді Ирина. — Ал сағат 23.30-да маған операцияға шұғыл келісім беруімді талап етті. Бірақ 35 минуттан кейін ол қайтыс болды.

Юрия Иващенконың медициналық құжаттарынан алынған скриншот

Яғни, 3 қарашада жедел жәрдем бригадасы болмашы “жедел транзиторлық шабуыл” деп диагноз қойған ер адам ауруханаға инсульт алды күйінде жеткізіліп, 1,5 күннен кейін екі инсульт алып, бақилық болды.

9 қарашада БАҚ-та №4 ҚКА бас дәрігері Сағи Бейсенбековтың айтқан сөзі жарияланды:

— Ішкі қызметтік тексеру жүргіземіз. Науқастың сырқаттану тарихы , барлығы сағат пен минут бойынша тексеріледі. Туыстары дер кезінде дұрыс ем жасалмағанына шағымданған.

Мен мұның бәрін бақылау камерасының жазбалары арқылы минут бойынша тексеремін. Бір апта ішінде тергеу жүргіземін

Егер кінәлілер болса, олар міндетті түрде жазаланады. Барлығы тексеріледі, бәрі сырқат тарихы бойынша қаралады. Арнайы тәуелсіз комиссия тағайындалды, ешкім жазасыз қалмайды.

Қанағаттанарлық жағдайда

Бір ай өтті. Бірақ Ирина Ващенко “кінәлілерді” жазалау туралы ешқандай құжаттар көрмеді. Тек оған екі дәрігер жұмыстан босатылды деді ме әлде уақтылы көмек көрсетпегені үшін сөгіс жариялады деді ме, әйтеуір ауызша айтқан.

Қайтыс болған науқастың жесірін ауруханаға қызметтік тексеру нәтижелерімен танысуға шақырған. Ол жағдайды ескере отырып, онда бармаған

№ 4 ҚКА әкімшілігі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сәтті есеп берді. Науқастың өлімі туралы сосын бәрі ұмытып кетті.

Сол қараша күндері дәл сол неврология бөлімшесінде инсультпен тағы бір алматылық – 70 жастағы Юрий Семенов жатты. Расында, ол ауруханада біраз уақыт жатқан. Және одан өз аяғымен шыққан. Бірақ соңында инсульттан кейінгі тромбозға байланысты оның аяғы ампутацияланған.

Семеновты жедел жәрдем бригадасы “төртіншіге” 20 қазанда жеткізген. Оған сол жақ аяқ-қолдарға зақым келтірген ишемиялық инсульт диагнозы қойылған. 3 қарашада науқас “қанағаттанарлық жағдайда” үйіне шығарылды. Бірақ оның ентігуі және сол аяғындағы ауырсыну күдік тудырған, сол аяғын тіпті қозғалта алмаған.

Юрий Семенов 2021 жылдың 3 қарашасында алғашқы инсульттан кейінгі ауруханадан шыққан сәті

Бір күннен кейін Юрий Семенов тағы да 4-қалалық ауруханаға төмен сатурациямен инфаркт алдындағы жағдайда түсті. Ауруханада жатқан уақытында пациентке бірде бір рет ультрадыбыстық дуплексті сканерлеу және флебография жүргізілмеген. Бұл аяқта ұйыған қанның болуын көрсетеді. Семеновта ауырсыну мен сезімталдықтың жоғалғаны туралы шағымдар болған. 15 қарашада науқас тағы да “қанағаттанарлық жағдайда” үйіне шығарылады. Ол оңалту үшін ауруханаға жатқызылуын күтті, сол кезде үйіндегілер зардап шеккен аяғына жаттығу жасаға. Олар оңалту енді көмектеспейтінін де білмеген.

25 қарашада Юрий Семеновке шұғыл түрде УЗИ түсуді ұсынған. Жеке клиниканың тамырлар хирургінің ұсынысы бойынша науқасты шұғыл түрде №12 ГКБ қабылдады

сол жақтағы сан үсті артериясы тромбозымен, сол жақ аяқтың IIIA дәрежелі жедел ишемиясымен. Яғни некробиотикалық қайтымсыз процестермен.

Дәрігерлер консилиумы аяғын ампутациялауға шешім қабылдады. Егер 4-қалалық ауруханада инсульттан кейінгі емдеу кезінде науқастың шағымдарына назар аударылса, оны құтқаруға болатын еді. Сонымен қатар, ашық дереккөздердегі ғылыми мәліметтер бойынша, егде жастағы адамдарда сырқаттың мұндай дамуы шамамен 75% болады.

Юрий Семеновті ауруханадан шығарғаннан кейін аяғының ампутациялануы оқиғасына қатысты, бізге №4 ҚКА баспасөз қызметі хабарлағандай, фактілерді тексеру жүріп жатыр.

Бірақ қайтыс болған Юрий Иващенконың ісіне қатысты медициналық мекеме әкімшілігінің айтары жоқ сияқты. Бас дәрігер Сағи Бейсенбеков те, оның баспасөз хатшысы Жанар Комбаева да бір нәрсені — аурухана Иващенконың жесіріне қызметкерлерге қатысты қабылданған шаралар туралы хабарлағанын айтады. Бірақ іс жүзінде шара қабылданбаған. Ирина Иващенко солай дейді.

Аурухананың баспасөз хатшысымен біздің журналист арасындағы әңгіме қызық болды. Алдымен Жанар Комбаева Ирина Викторовнаны ауруханаға қызметтік тексеру нәтижелері бойынша құжаттармен танысуға шақырғанын айтты. Бірақ ол келмеген.

Бұл құжаттарды оның қолына беру үшін, ережелерге сәйкес, ол жазбаша түрде өтініш жазуы керек

Рас, әңгімелесуші қандай регламент және қандай құжаттармен белгіленгенін айтқан жоқ. Тек Әкімшілік кодекске сілтеме жасады. 4-қалалық ауруханада, жақын адамдарын жерлегеннен кейін бұрынғы пациенттерінің туыстары не істерлерін білмей жүреді деп санайтын сияқты. Сондықтан оларды әңгімеге шақырады, олар тынышталады деген үмітпен “ереже” деген сияқты ақылды сөздерін айтады.

Біз медициналық мекеме әкімшілігімен сұхбаттасушы қызметкерлерімізден сұрадық – пациенттің өлімі үшін кім, қашан және қалай жазаланды? Жауап болмаған

Бізге де ауруханаға жазбаша түрде жүгіну ұсынылды. БАҚ туралы заң ауызша да жауап алуға мүмкіндік береді. Көптеген мемлекеттік органдар деректерді бюрократиялық қиындықтарсыз ұсынуда ешқандай кедергіні көрмейді. Рас, бәрі бірдей емес. Тек жасыратын нәрсесі барлар ғана.

Міне, Алматы қалалық №4 ауруханасының қызметкерлері науқасқа уақытылы көмек көрсетпегендіктен пациенттің қайтыс болу фактісі бойынша прокуратура органдарының да белсенді жұмыс істеуіне ештеңе кедергі келтірмейтін сияқты. Әлде бізде тек зардап шеккен адамдардан шағым түскенде ғана заңның орындалуын қадағалаймыз ба?

Біз 2021 жылдың қарашасында ауруханада болған екі жағдайды ғана егжей-тегжейлі сипаттадық. Алайда, әлеуметтік желілерде оған шағымдар өте көп. Дәрігерлермен қателіктері немесе немқұрайлылығы үшін күресуге әркімнің физикалық және психологиялық күші жете бермейді. Әсіресе науқас қайтыс болған кезде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз