Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
477
0.00
EUR
516
0.00
RUB
5.41
0.00

Алматылықтарды жеке көліктен автобусқа отырғызбақ

Қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру үшін қалада тұрғын үйден аялдамаға дейінгі жаяу жүргіншілер мен веложолдар жабдықталады. Сондай-ақ газбен жүретін автобустар мен электрлі автобустардың санып көбейту мен жаңа аялдамалар салу да көзделген.

Алматыда соңғы екі жылда тіркелген автокөліктердің саны 24 пайызға өскен. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 пайызға жетуі мүмкін. Алып шаһардың бұл ауқымды мәселесі 2030 жылға дейін шешімін таппақ.

«Қазір Алматы бойынша 23 тасымалдаушы бар. Оның біреуі – коммуналдық мемлекеттік тасымалдаушы. Күнделікті қалада 2400-дей автобус және 158 троллейбус қызмет етеді. Халықты қоғамдық көлікке ынталандыру, өздеріңізге біз айтпай-ақ белгілі. Автобустарымыз қазір жаңа, заманауи», – деді Алматы мобильді басқарма қоғамдық көлік ұйымдастыру бөлімінің басшысы Азамат Ершанқұл.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз