Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматылық зейнеткер Жеңіс Күніне орай берілетін төлемақыға қатысты алаяқтық туралы айтты

270
В. Охманович, видеоүндеуден алынған кадр

Қарт адамның әңгімесін  Facebook  қолданушысы Zitta Sultanbayeva жариялады. Автордың қолымен жазылған жазбаға «Арыз немесе Жеңіс күніне орай берілген жәрдемақының пошта бөлімшесінің зейнетақы жеткізушісінің қолына қалай түскені туралы оқиға» деген тақырып қойылған.

«5 мамыр күні Қайрат [зейнетақы жеткізуші — ред.] зейнетақыны әкеліп беріп, оның бір бөлігін зейнетақы төлемдерінің есебі дәптеріне енгізді. Ол маған тізімдемеге қол қойғызды. Кейіннен әйелім екеуміздің (Х) ақшамызды есептеп берді, —

делінген жазбада. —

Бұдан соң 50 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы туралы айтты, бірақ қазір қолма-қол ақшасы жетпей тұрғындықтан қазір бере алмаймын деді. Дәптерге 50 мың теңгені жазып қойды. Кетіп бара жатып, жәрдемақыны жақында әкеліп берем деді!

Сол күні маған біз тұратын үйдегі Лойко З. атты ардагер-әжем хабарласты. Ол жәрдемақы алғанымды сұрады, оған да келесі күні әкеліп берем деп уәде беріп кеткен екен.

14 мамыр күні Қайрат қабырғаға тізімдемені қойып, әжемнің жәрдемақысы үшін қол қоюымды сұрады. Мен қонақ үйге кіруін сұрадым, кейін маған 50 мың теңге берді. Ал менің жәрдемақым қайда деген сұраққа, сізге 5 мамыр күні бергенмін деп тізімдемені көрсетті. Ол өзінің ақшам жетпеді, келесіде әкеп берем деген сөздерін «әдейі ұмытып» тұр. Бұған менің әйелім куә.

Міне, мемлекеттің ақшасы қайда кетті. Менің ойымша бұл факті өз бағасын алып, қала әкімшілігі дұрыс жауап қатуы керек».

Жазба авторның сөзінше, бұл жағдайға бейжай қарамаған қала тұрғынының бірі зейнеткерге материалдық көмек көрсеткен. Алайда Охмановий өзіне ақша емес, шындық керегін айтқан.

Сурет: facebook.com/zitta.sultanbayeva

Сурет: facebook.com/zitta.sultanbayev

Сурет: facebook.com/zitta.sultanbayeva

Сурет: facebook.com/zitta.sultanbayeva

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз