Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматылық студент Универсиада билеттерін ойнатқандардың өтірігін шығарды

Студенттің айтуынша, ол билетті “Халық Арена” кассасынан 31-қаңтарда хоккей ойынына алған. Оның ойынша, ұйымдастырушылар оны пәтер мен өзге де бағалы сыйлықтар ұтысына қатысу мүмкіндігінен қасақана айырды.

“Неге осылай жасағанын түсіндіруін қалаймын. Тым болмаса кешірім сұрасын. Билетте жалпы тоғыз сан бар. Мен ештеңе ұтпай да қалуым мүмкін еді. Бірақ үшінші санға келгенде мені ойынға қатысу мүмкіндігінен айырды. Мен хоккейден үш матчқа бардым. Әкем менен де көп барды. Біз турникет арқылы өттік. Билетті еріктілердің өздері турникетке басып өткізген. Жалған болса, бізді өткізбес еді”, – дейді студент.

Универсиада-2017 билеттеу департаментінің жетекшісі Вадим Дергачев мәлімет базасында мұндай билеттің жоғын айтады. Алайда олар студентпен жолығып, мәселенің мән-жайын анықтамақшы.

Айта кетелік, ұтыс шыққан билеттер тізімі жарияланып та қойды. Оның тізімімен мына арадан таныса аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз