Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматылық “Атакентте” не салынғалы жатыр: ағаштар сүріле ме?

178

Шын мәнінде бұл ұсыныс қана болып шықты, ал “Атакентті” қайта құру жоспары бекітілу сатысында.

Дегенмен, қала тұрғындары жобамен келіспейтіндігін мәлімдеді.

Әлеуметтік желі қолданушылары “жасыл” аумақты сақтап қалу үшін митингіге шығуға дайын екендерін айтты

Оның үстіне, оларға құрылыстың бас мердігері BI Group компаниясы екені белгілі болды.

Жасыл экономика басқармасындағылар “Атакент” ҚІЫО айналасындағы “оғаш” жағдайға байланысты түсініктеме берді.

“Ағаш кесу, конгресс-орталығын салу мен көлік айрығы құрылысы туралы ақпарат дұрыс жеткізілмеген

Әкімдік өкілдері мен көрме кешенінің басшылығы арасындағы кездесуде тиісті өтініш жеткізілді. Сондай-ақ, тоғыз мың ағашты кесу туралы жаңалыққа алаңдаған жұртшылық қатысты”, – деді басқармада.

Шенеуніктердің айтуынша, кездесуде 30 га жерді қала балансына беру мәселесі талқыланды. Бұл аумақты одан әрі дамыту және жайластыру үшін қажет. Әкімдікте қала тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шаралар қажет екенін атап өтті.

“Көрме кешенін дамыту бойынша мастер-жоспар бекітілу үстінде

Келесі айдың басында мемлекеттік орган алматылықтар мен қала қонақтарының демалыс жағдайын жақсарту жұмыстарына кірісуді жоспарлап отыр”, — деп хабарлады басқармадағылар.

Қақтығыс неден туындады

2018 жылы “Атакент” басшылығы мен қалалық билік арасында түсініспеушілік басталды. Екеуара өзара наразылық өрши түсті. Бауыржан Байбек әкімшілігі басқарушы компания аумақты дамыту бойынша міндеттемелерін орындамай жатқанын жеткізді. Қала басшысы жалға беру шартын бұзды.

Бұрынғы ВДНХ жерін қаланың коммуналдық меншігін толық қайтару туралы әңгіме қозғалды

Алматы әкімі көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді, “Атакентке” жапсарлас құрылыстарды бұзуды тапсырды. Атақты тиіннің орнында автокөлік тұрағы болғанын қалалықтар әлі ұмытқан жоқ.

Өткен жылдың мамыр айында 23 га жер телімін жалға алу шарты бір жақты тәртіпте бұзылды

Ынтымақтастық орталығы аумағының жалпы көлемі 54,1 га құрайды. Оның 31 гектары “Атакент” ҚІЫО” АҚ жеке меншігінде.

Сол кезде компания президенті Денис Ван ден Вейх орталық Қазақстан үкіметінің 1992 жылғы қаулысын қатаң орындап жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, “Атакент” бастапқыда көрме қызметі мен мәдени ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру бойынша міндеттерді атқаратын болған.

Орталықтың бұрынғы басшылығы әкімдіктің ұстанымына таң қалды, себебі бұған дейін оларға еш наразылық түспеген.

ҚЫІО голланд президенті жалға берілген жерлердің абаттандырылмауын RBK банкіндегі мәселелермен түсіндірді

Яғни қайта құруға арналған қаражат дәл сол жерде “кідіріп” қалған.

Сабыр етіңіздер

Наразы алматылықтарды BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев тыныштандыруға асықты. Ол ҚЫІО-ның бос аумақтарына құрылыс жүргізу туралы идея бар екенін растады.

Оның айтуынша, Convention-орталығын салу жоспарланған. Жобаға австриялық Coop Himmelb(l)au компаниясының мамандары тартылды. Алайда, Рахымбаев тоғыз мың ағашты кесу туралы сөз қозғалған емес деді.

“Шынында да, өткен жылы біз Алматы қаласы үшін концепция ұсындық. Өйткені, Нұр-Сұлтанда сыйымдылығы 2 500 адамнан асатын осындай үш ғимарат бар.

Кез келген іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін, трансформацияланатын Convention-орталық туралы сөз қозғалды

Ересектер мен балаларға арналған көрмелер, концерттер, форумдар, конференциялар және т.б. — бір мезгілде бес түрлі іс-шара өткізуге болады.

Бұл ретте, ол жарты күн ішінде бір үлкен кеңістікке өзгере алады! Алматыда осындай ғимараттардан тек 1970 жылы салынған Республика сарайы ғана бар. Қала әкімі қатаң міндет қойды — жоба елордалық ғимараттардан арзан болуы тиіс. Бірақ функциялары кең әрі қызықты болсын деді. Байбектің бір жақсы жері, алдыңа қатаң тапсырмаларды жұлдызшаларымен бірге қояды”, – деп жазды бизнесмен Facebook-тегі парақшасында.

Тәкаппар алматылықтар

Рахымбаевтың айтуынша, қалалық билік құрылыс жүргізілуі тиіс алаңды тапты.  Талаптар — бірнеше автокөлік жолы болуы тиіс және жасыл желектерді кесуге тыйым салды.

“Австриялықтар тапсырманы жақсы орындады. Олар орталықты ағаштардың арасында болатындай етіп жобалады. Ботаникалық бақпен сәтті біріктірілді.

Қаланың көрікті жері бола алатын керемет жоба пайда болды

Ол Астанада ғана емес, Алматыда да айтулы шараларды өткізуге мүмкіндік бере алар еді”, — деп жалғастырды ол.

Айдын Рахымбаев ертеректе шілде-тамыз айларында жоба бойынша талқылаулар жоспарланғанын айтты. Алайда, оңтүстік астанада басшылық ауысты. Бәлкім, соған байланысты болар, талқылау кейінге қалдырылған. Ол ағаштар мен көлік айрығы туралы қате ақпарат “хайп” үшін жасалған деп есептейді.

“Қала тұрғындарының ұстанымын әрдайым қорғайтын Алматы қауымдастығы маған өте ұнайды

Дәл осы саясиланған Астанада жетіспейтін сияқты. Алматылықтар өз уақытында LRT салудың алдын алары хақ еді”, — деп түйіндеді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз