Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыға Түркиядан өкпені жасанды желдетуге арналған бес жаңа аппарат жеткізілді

113

Пандемиямен күреске қолдау ретінде өкпені жасанды желдету аппараттарын Қазақстанға Beko тұрмыстық техникасының жетекші еуропалық бренді жіберді.

Өмірді құтқаруға арналған жабдық Түркияның жетекші кәсіпорындарымен ынтымақтастықта жобаланған және барлық халықаралық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарына сай.

Компания өкілдері хабарлағандай, көктемде 120 инженерден тұратын команда екі апта ішінде Стамбулдағы ашық инновациялық орталық – Arçelik Garage-те аппараттың бастапқы прототипін жобалап, сынақтан өткізді. Маусым айының басында Çerkezköy Electronics орталығында ел ішінде және одан тыс жерлерге таратуға коммерциялық емес негізде 5000 аппарат шығарылды.

Arçelik бас директоры Хакан Булгурлу атап өткендей: «Түрік бизнесі және Үкіметпен бірге жұмыс істей отырып, біз коммерциялық емес негізде ӨЖЖ өмірлік қажетті аппараттарын өндіру үшін біздің ғылыми-зерттеу және өндірістік мүмкіндіктерімізді қайта қарастырдық. Пандемиямен күрес ұжымдық жаһандық күш-жігерді талап етеді және әлемнің кейбір аудандары шектеулерді алып тастауда, бірте-бірте қалыпты өмірге оралуда, ал біз осы ретте ӨЖЖ аппараттарын оларды қазіргі уақытта ең қажет ететін елдерге қайырымдылық ретінде бере алатындығымызды мақтан тұтамыз».

Компания пандемияның бірінші кезеңінде вируспен күрес жүргізетін елдерге ӨЖЖ-аппараттарды сыйға тартпақ. Осы бастама аясында олардың бесеуін Қазақстан алды.

Келген ӨЖЖ аппараттары кедендік тазартудан өтіп, Қалалық жедел жәрдем ауруханасына (БЦМП) берілді.

Қазақстанда өнімдері және қызметтерімен ұсынылған Beko компаниясы өз қызметін 2020 жылдың 4 тоқсанында нарықта еншілес кәсіпорынды ашу арқылы жалғастырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз