2020 жылғы наурыз-сәуір айларында Самұрық-Энерго Алматы ЖЭО-2-ні (ТЭЦ-2) жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бойынша дайындалған әзірлеменің алдын ала нәтижелерін алуды жоспарлап отыр.
Сөз барысында айтылғандай, Самұрық-Энерго қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне айрықша назар аударады. Сөйтіп, Алматы қаласының экологиялық жағдайына тигізетін теріс әсерді азайту үшін Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасын іске асыру басталды. ЖЭО-ны «ҚазҒЗЖИ Энергопром» тәуелсіз институты әзірлеуде.
Жобаны іске асырудың бірнеше нұсқасы қарастырылуда:
Электр энергетикасы саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін ҚР Парламентінің Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің уәкілетті органдармен кездесуі барысында талқыланды.
Анықтама:
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акциялары 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б.