Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыдағы ЦОН-дар демалыссыз жұмыс істемек

Сондықтан тез әрі сапалы қызмет көрсету үшін комиссия жұмыс кестесі 7 күн болуы керек деген ұсыныс жасады деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы. Сонымен қатар құжаттарды тапсыру, жасау мен алу үшін электронды кезек қажеттігі айтылды. Дегенмен құжаттарын рәсімдеушілер орталық жұмысы реттеліп, қызмет көрсету сапасы да артқанын айтады.

Десек те кешен маңында көлікті сақтандыру мен техникалық байқаудан өткізуші жеке тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту күшейе түскен. Мәселен жыл басынан бері 38 адамға жалпы көлемі 216 мың теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылған.

Зәуреш Баталова, комиссия мүшесі:

– Тек қана қызмет етуші адамдарды үйрету емес, қызмет алу үшін келген адамдарды үйрету керек. Сонда мәдениет жоғары деңгейде болады. Мемлекеттік қызмет беруші органдармен халықтың арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Жақсартылады. Бүгінгі күні халық мемлекетке сенім білдіру үшін осы системалық жүйеде жұмыстар өткізілуі керек деп санаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз