Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыдағы қаңғыбастар үйінде тұрған физик жұмысқа орналасты

134

«Ғылыми-техникалық ақпараттармен айналысатындай тапсырма беремін деп ойлап отырмын. Осы бағытта өзінің ғылыми бағытына жақын, бізге жақын сол бойынша шолу жасайды. Ол кісі енді тәжірибелі кісі ғой, соның барлығын алып кетеді деген ойдамын. Біздегі машинадағы, басқа да интеллектуалды жүйедегі құбылыстарды, қайсысын өзі жақсы түсініп, алып кетемін десе сол бойынша бағыттап сол жақта айналысатын боламыз»,-деді Ө.Жолдасбеков атындағы «Механика және машинатану» институтының директоры, Амандық ТӨЛЕШОВ.

Танымал физиктің аянышты өмірін естіген адамдар, оған барынша қолдау білдіріп жатыр. Бір топ белсенді Сапарбай Арыновқа қаланың орталығындағы қонақүйден 1 айға дейін жалға бөлме алып берген болатын. Қазір қарияны қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінің жатақханасына орналастыру мәселесі шешіліп жатыр екен.

Естеріңізге сала кетсек, физика ғылымында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Сапарбай Арынов, алматыдағы тұрақты мекені жоқтарға арналған бейімдеу орталығына 2 ай бұрын тап болған. Ақсақал онда келіні күн көрсетпегендіктен барған екен. Өз балалары өзектен тепкен физик-ғалымға көпшілік қол ұшын созуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз