Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Білім саласына қатысты форумға Сара Назарбаева қатысты (видео)

453

«Бөбек» орталығы жұмысын бастағалы бері оның құрамында гуманитарлы колледж, гимназия, «Өзін-өзі тану» балабақшасы мен астрономиялық обсерватория жұмыс істейді. Бұл білім ордаларынан түлеген жастар өмірдің кез келген саласында өз орнын тауып үлгерген. Мұғалімдерге де жағдай жасалып, олардың кәсібилігін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлінген. Қордың мерейтойын құттықтауға қала әкімі Бауыржан Байбек келіп, орталықтың білім саласына қосқан үлесін атап өтті.

«Бөбек» орталығы өзін-өзі тану бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқан жаңа сипаттағы білім беру бесігі екендігі баршамызға белгелі. Осы уақыттың ішінде заманауи тәсілдерді игерген орталық ұжымы балаларды жалпы адамдық құндылықтармен сусындата отырып, елінің патриоты болуға тәрбиелеуде елеулі табыстарға қол жеткізді», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

«20 жылда «Бөбек» орталығы өскелең ұрпақтың рухани адамгершілік мәдениетін дамытуға, білім беру саласында адами қасиетті оқып үйренуге көп жағдай жасады. Балаларға және қолдау қажет ететін жандарға көмек көрсетіп, қорған болды», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз