WannaCry дейтін қауіпті вирус бүкіл әлемді шулатып отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
“Касперский лабораториясы Алматы қаласы бойынша әрбір мобильді телефонға шамамен 6-8 вирустан келеді. Егер менің телефонымда вирус болмаса, онда менің 6-8 вирусым басқа біреудің телефонында жүр деп санаңыз. Бәз-біреудің телефонында 10-нан астам вирус жүрсе де таң қалмаңыз. Ал Астанада 1 компьютерге 4-5 вирустан келеді“,
– дейді қауымдастық президенті Шафкат Сабиров.