Алматының Шаңырақ-1 шағын ауданында жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі бірнеше жерден жарақат алды.
Subaru Legacy жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен келе жатып, белгісіз себеппен рөлге ие бола алмай қалған. Автокөлік талға соғылып, салдарынан көліктің алдыңғы бөлігі қатты зақымданды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер.
Жол апаты салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін екі адам қаза тапты, екеуі ауруханаға жеткізілді, оның біреуі хал үстінде жатыр.