Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Алматыда жоқ, жоқ…”. Екі ортада қалған 250 қандас Тұрысбековты таба алмай жатыр

133

Иә, 26 жыл өтті. 26 пайызы да оралмады. Қазақтың басын қоспауға мүдделі топтың жұмысы нәтижелі болып жатқандай дейді ол.

Оның бұлай деуіне Жамбыл облысы, Тараз қалалық Көші-қон полициясынан ықтиярхат алған 251 этникалық қазақтың жағдайы себеп болған. 

“Қандастар Қытайға кері қайтарып жібере ме деген күдікпен күн өткізуде.

 ҰҚК аталған азаматтардың ықтиярхатын жалған деп танып, ал Жамбыл облысы, Тараз қаласының Көші-қон полициясы ешкімге жалған құжат бермедік деп мәлімдеме жасады.

Ықтиярхаттары жалған деп танылған 251 азамат болса, ықтиярхатты алуға делдардардың көмегіне жүгінгенімен құжаттарын Тараз қаласының Көші-қон полициясына барып өткізіп, өтініштеріне сол жерде қол қойғандарын айтады” дейді автор.

Естеріңізде болса…

2013 жылдың соңында Көші-қон туралы заңға енгізген өзгерістер енген. 

Тұрдыбек Құрметханның айтуынша, осының салдарынан, қандастардың азаматтық алуы қиындаған.

“Шеттен келгеніне 4 жыл толмай, азаматтық ала алмауымен бірге, қарапайым қандастар Алматы мен Астана қаласында тұрақты тіркеуге тұрып, Оралман куәлігі пен ықтиярхат алу құқынан айырылған.

Оған дейін, ҚР азаматтығын алу үшін ықтиярхат емес, оралман куәлігі жеткілікті еді.

Сол жолғы заңға енгізілген өзгерістермен бірге, қазақтың көбеюіне кедергілер де көбейе бастады. Алып ұшып келгенде,

азаматтық емес, Оралман куәлігі мен ықтиярхаттың өзінде ала алмады.

Тіпті, кейбірінің тіркеуінің уақыты өтіп, қайта тіркеле алмай, айыпұлдан айыппұлдың астында қалды. Амалсыз, елдің кеңесіне жүгінді, оралман куәлік пен азаматтықты қайда беріп жатса, сол жерге барып алмақ болды” дейді ол. 

Иә, қандастардың бұған арам пиғылмен бармағаны анық. Заң бұзса, білмей бұзғаны белгілі. Оның үстіне, олар мемлекеттік мекемеден ықтиярхат алды.

Кім-кіммен ауыз жаласқан? 

Бұл ретте, мақала авторы:

“Өзге жерде ықтиярхат пен оралман куәлігі берілмей жатқанда, Тараз қаласында берілген соң, бәрі де Таразға барып, ықтиярхатын жасатқан”, – дейді.

Және амалсыз делдалдардың көмегіне жүгінген. 

“Қандастардың, оның ішінде, ҚХР-дан келгендердің делдалдардың көмегіне жүгінуінің екі түрлі себебі бар:

  • Біріншіден, делдарды қандастар кеңесші ретінде түсінеді. Олардың басым бөлігі Кириллицаны танымағандықтан және көші-қон туралы заңды толық білмегендіктен, құжаттар толтыру барысында делдалдардың қызметін кеңесші ретінде пайдаланады.
  • Екіншіден, біздің Көші-қон полициямыз қандастардың жұмысын делдалсыз бітірмейді. Біздегі жемқорлықтың ордасына айналған мекеменің бірі – осы Көші-қон полициясы. Көші-қон полициясындағы жемқорлықтың кесірінен, көшіміз көлікті болмай келе жатыр.

Қандастар кеңесші ретінде іздеген делдалдар көші-қон полициясымен қосылып, қандастың қалтасын қағушыға айналады.

25 жылдан бері қарай, қазақ көші талай адамға жұмыс тауып беріп, көші-қон полициясының талай қызметкерін байытты” дейді автор.

Айтуынша,  251 ықтиярхаттың жалған екенін анықтаған ҰҚК, ендігі жерде жалған құжат жасаған көші-қон полициясының қылмысын ашуы тиіс.

– Егер, шынымен, 251 қандастың алған ықтиярхаты жалған болса, «үкімет оларды айыпты» деп, кері қайтарамыз демей, керісінше, қандастардан кешірім сұрауы тиіс. Өйткені, олар жалған құжатты олардың өздері қолдан жасап алған жоқ.

Білдей бір облыс орталығының Көші-қон полициясы беріп отыр.

Шеттегі қазақтардың бүгінгі хәлін біздің үкімет естімей, білмей отырған жоқ. Түрлі қысымға ұшырып отыр, оларды «кері қайтарамыз» деген әңгіме шықпауы керек. Ондай әңгімені қазаққа дос түгіл, қас та айта қоймас. Аз қазақ көбейе алмай жатқанда, шеттегі қазақты елге әкеле алмасақ та өз күшімен келгенді қайта қуатын, басымызға не күн туды? 

Тұрысбеков не бітіріп отыр? 

 Жазда Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайы Астанада өткен еді. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы деген ұйым бар еді ғой. Сол құрылтайда Қауымдастықтың төрағасының бірінші орынбасары ауысып еді. Жаңа басшы келген соң, қауымдастық ұйқысынан оянар деп үміттендік.

Бірақ, жаңа келген Зауытбек Тұрысбек деген кісі Талғат Мамашевтен өткен ұйқышыл  сияқты.

Мамашев қандастарға нұрын төкпесе де, «ұрғаны» бар болатын. Ал Тұрысбектің қазірге ештеңесі де жоқ. Бұрынғыдай, Алматыда кеңсесі де жоқ. Астананың қай бұрышына тығылғаны белгісіз. 251 қандас емес, 2500 қандасты елден шығарамыз десе де ұйықтап жата бермек пе?

Дереккөз: Abai.kz 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз