Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда жоғалған 16 жастағы спортшы қыз тау бөктерінде жігітімен бірге жартастан секіріп кетті (видео)

https://www.facebook.com/100003345443913/videos/1369468463174655/

Аздан соң Анастасияның анасы Екатериан Смирноваға куәгерлер хабарласып, жастарға ұқсайтын қыз бен жігітті “Шымбұлақтағы” қонақүйлердің бірінің жанынан көргенін айтады.

“Сол жерге келіп біз олардың Назар мен Анастасия екеніне көз жеткіздік. Сол кезде Назар Анастасияны алып, сай жаққа жүгіре жөнелді. Ислам Угушев олардың ізінен жүгірді. Біз оларды сол жартастан секіріп кетеді деп ойламадық. Олар 3 қабаттық биіктіктен секіріп, тастардың арасымен әрі қарай қаша жөнелді. Угушев олардың соңынан қалмай, әрекеттерін тоқтатуға көндіруге тырысты”, – деп жазады.

https://www.facebook.com/100003345443913/videos/1369469379841230/

Назар “мен оны ұстап тұрған жоқпын” деген соң Угушев Анастасияның ізінен секіріп, оны ұстайды. Спортшы қыз секіремін деп жарақаттанып қалған. Анасы қолындағы дәрі-дәрмекпен оған көмек көрсетіп, жараларын таңа бастаған. Бірақ, қыздың жағдайы қиындап, оның ауызынан ақ көбік ағады. Сондай-ақ, басынан да қан кеткен.

“Оқиға орынына Валера Демидов қонақүйдегі балалармен бірге жүгіріп келіп, қызға көмектесе бастады. Ол кезде қыз есінен танып қалған. Ислам да жарақат алып, оны да төменге түсірді. Анастасия мен Исламды жедел жәрдемге жеткізгеннен кейін, Ислам Назардың қалай қарай қашып кеткенін полицейлерге түсіндірді”, – деп жазылған жазбада.

https://www.facebook.com/100003345443913/videos/1369470026507832/

Еске салсақ, 16 жастағы спортшы қыз 23 шілде күні досымен кездесуге кетіп, содан соң туыстарымен байланысты үзген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз