Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда жоғалған жігіт 12 күн бойы компьютер клубында болған

“Ол кеше, түнгі сағат екіде табылды. Әуезов аудандық ІІБ Алматыдағы барлық компьютер клубын аралап жүріп, тапты. Ол сонда ойнап отырған”, – деді Гүлбану Қосылбекова.

Оның айтуынша, жігіт фотоаппаратты ломбардқа өткізіп жіберген. “Сол ақшамен қыдырып жүрген. Кейін ақшасы бітіп, біреудің киімдерін киіп жүрген, жаураған. Содан балалар оған ақша берген. Осындай жағдайға дейін жеткен. Сіздерге өтінішім бар – бізге осындай компьютер ойындарына құмар адамдармен жұмыс істей алатын психолог керек”, – дейді әйел.

22 жастағы Ханапия Қосылбеков 16 қазанда жоғалған. Жігіт түстен кейінгі уақытта Canon фотоаппаратымен кетіп, содан бері оралмаған. “Ол – жалғызым! Екеуміз ғанамыз! Маған көмек керек, оны 16 қазаннан бері көрмедім, қайда екенін білмеймін. Бүйрегі ауырады, көру қабілеті минус 5. Оның қолында қымбат фотоаппарат бар еді, сол үшін баламды біреу-міреу бәлеге ұшырата ма деп қорқып отырмын. Мен полицияға хабарластым, бірақ олар әлі де ештеңе тексермеген!”, – деген еді жігіттің анасы Гүлбану Қосылбекова зар илеп.

 

d02484dd-edf6-4347-9724-85a05a101000

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз