Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген джипке 21 мың теңге айыппұл салынды

Қоғам пікірі ескерусіз қалмай, Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды деп хабарлады Zakon.kz.

Джипке қатысты қандай да бір шара қолдануды сұраған жазбаны жедел жәрдем қызметінің фельдшері Майра Қуанышпаева өзінің әлеуметтік желісінде жариялаған болатын.

“Toyota Land Cruiser Prado, мемлекеттік нөмірі – 111 – vip, өңір – 02. Ол Алматыда Райымбек көшесінің бойында дабыл белгісін қосып, №1 клиникалық мемлекеттік ауруханасы жанындағы перзентханаға асығып бара жатқан жедел жәрдем көлігін өткізбей қойды. Бұл кезде жедел жәрдем көлігінде толғағы қысқан келіншек бар еді. Алматының жедел жәрдем қызметінің атынан бір шара қолдануды сұраймын. Бригада фельдшері„ делінеді жазбада.

Бір тәулік ішінде бұл видеоға шамамен 4 мыңға жуық адам пікір қалдырған.

Бүгін Алматы ішкі істер департаменті жол ережесін бұзушының жазаға тартылғанын мәлімдеді.

– Ол бірден әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 598-баптың 2-тармақшасына сәйкес, жауапқа тартылды. 1991 жылғы жүргізуші тізгіндеген джип қалалық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің біріне тиесілі. Ол заң бұзғанын мойындады, – деді қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз