Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Алматыда жастарға үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие берілетін болды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жастарды 2020 жылға дейін қолдаудың Жол картасы негізгі бес бағыттан тұрады, олар – сапалы білім, жұмыспен қамту, мәдени демалыс және салауатты өмір салты, тұрғын үй және жас отбасыларды қолдау, белсенді жастар қаласы.

Сондай-ақ, жол картасында жастарды жұмыспен қамтуға айрықша назар аударылған. Жастар практикасына қатысушылар қатары жыл сайын 500 ден 2000 адамға артатын болады. Биыл түлектерді жастар практикасына жіберу үшін қосымша 500 миллион теңге бөлінген.

Биыл алғаш рет жұмыссыз және өздігімен еңбек етіп жүргендерге микронесие беру үшін 1 миллиард теңге бөлініпті. “Олардың әрқайсысы өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін 18 миллион теңгеге дейін микронесие ала алады. Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 мыңнан астам жұмыссыз жастар қысқа мерзімді курстарға қатысып, мамандық алып шығады”, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматыда бүгінгі күні 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта 700 мыңнан астам жас бар, олардың 435 мыңы – экономикалық белсенді жастар. Тек соңғы 5 жыл ішінде жастардың үлесі 10 пайызға артты. Жасалған болжам бойынша, Алматыда 2020 жылы экономикалық белсенді жастар қатары 500 мыңнан астам адамға артады деп күтіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз