Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда жасөспірім оқушы қыздарды тістеп тастаған

№35 мектеп әкімшілігінің өкілдері өз кезегінде осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, бұл оқиға 5 қыркүйекте шамамен сағат 13:00-де болған.

“Балалар бірінші ауысымнан кейін ата-аналарымен бірге үйлеріне кетті. Қыздардың бірі әпкесімен Достық пен Қабанбай батыр қиылысында тұрған. Әпкесі сол сәтте анасымен телефонмен сөйлесіп тұрды. Сол кезде белгісіз бір жасөспірім бас салып, оқушы қызға қарай шабуылдаған. Барлығы бірнеше секундта болған. Әпкесі сіңлісін ер адамнан жұлып алады. Сөйтсе, ол қыздың басын тістеп алған болып шықты. Содан соң жасөспірім № 11 троллейбуске жүгіріп кіріп кетеді Достық-Шевченко қиылысындағы аялдамаға дейін жетіп, аялдамада анасымен тұрған 3-сынып оқушысының қолын тістеп алған. Сосын ол Достықпен жоғары қарай көтеріліп кеткен.

“Қыздың басында тісі қалып кеткен” деген мәлімет асырып айтылған. Біз полицияға хабарластық, мектеп инспекторы барлығын бақылауда”, – деді мектеп директоры Ольга Прокопьева.

Директордың айтуынша, шабуылдаған жасөспірім шамамен 13-16 жаста. Қара көк түсті мектеп формасын киген, рюкзагы болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз