Алматыда троллейбус жүргізушісі Тойота көлігін балтамен бір қойып, шақты. Оқиға қаланың ортасындағы Атакент маңында болған.
Бұл видео қазір әлеуметтік желілерде көптеп тарап жатыр.
Видеода келтірілген мәліметке сүйенсек, тробллейбустың ток темірі үзіліп кеткен. Оны орнына қоюға шыққан №1 троллейбустың жүргізушісін Тойота Камри көлігі айнасымен жанап өтеді. Орнына барған ол үлкен темір балтаны алып шығып, Тойотаның айнасын бір қойып, быт-шытын шығарған. Одан соң троллейбусқа кіріп, жедел жәрдем көлігін шақырып, ауруханаға тайып тұрыпты.