Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда тоңазытқыштан өлі табылған екі баланың ата-анасына қатысты сот отырысы басталды

112

Сондай-ақ, ер адамның осыған дейін сотты болмағаны және ресми түрде некеде тұрмайтыны анықталды. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1,3,7 бөлігі және 119-бап бойынша күдікке ілініп отыр. Қайтыс болған балалардың анасы Алла Волченкоға да осы айыптар тағылды. Ол Алматы қаласының тумасы, некеде тұрмайды, осыған дейін сотты болмаған. Бұл істпен судья Ерлан Болатов айналысып жатыр. Бірақ сот тыңдалымы кезінде Алла Волченко БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатыспауын сұрады.

Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі – 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр. Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз