Алматыда полицейлер Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан кеңселердің бірінен жарылғыш зат іздеп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД мәліметінше, алматылық полиция жасағы мен арнайы қызметтер, сонымен қатар дереу әрекет ету қызметі белгісіз біреудің Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан кеңселердің бірінен жарылғыш зат іздеп жатыр. Сондай-ақ полицияның жедел іздеу қызметі және арнайы қызмет өкілдері қоңырау шалған адамның кім екенін анықтау және ұстау үшін кешенді шаралар жүргізіп жатыр.