Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда Тәуелсіздік күнін тойлау Тәуелсіздік монументіне тәу етуден басталды (фото)

199

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Шараға қалалық әкімдік өкілдері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, үкіметтік емес ұйымдар, Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатының салдарын зарарсыздандыруға қатысқан азаматтар, жастар ұйымдары қатысты.

«Бүгін еліміз үшін ең маңызды күн. Қазақ тарихында ата-бабамыз тәуелсіздік үшін жанын пида еткен. Міне, осы мақсатқа жеткенімізге 26 жыл болды. Осы уақытта қуатты экономика қалыптасты. Әлеуметтік, ғылым, білім саласы қарқынды дамып келеді. Қазақстан инвестиция тартуда Орталық Азияда жетекші рөл ойнап келеді. Ал дамыған елдің 30-дығына ену туралы мақсат қол жеткізуге болатын меже деп санаймын. Барлықтарыңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», – деді Тұран университетінің ректоры, қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов.

Жиын соңында әскери-үрмелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті.

Сонымен қатар, Астана алаңында бүгін мерекелік концерт өтеді. Кеш 21:00-де мерекелік отшашумен аяқталады. Қаланың әр ауданында көрмелер, мерекелік кештер, театрландырылған қойылымдар өтеді.

Биыл қазақстандықтар 16,17,18,19 күндері демалатын болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз