Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Прокуратураның хабарлауынша, 12 сәуірге қараған түні университет жатақханасында жаппай төбелес болды.

Соның салдарынан бірінші курс студенті қаза тапқан.

“Қылымыс жасады деген күдік бойынша аталған ЖОО-ның екі 2-ші курс студенті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Өзге тұлғалардың осы құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр”, — делінген хабарламада.

Оқиға Қылмыстық кодекстің екі бабы — 106-баптың 3-бөлімі (адам өліміне соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 194-бабы (бопсалау) бойынша жіктелді.

Sputnik Қазақстанға университетте хабарлағандай, қаза тапқан студент не бәрі 17 жаста болған. Ол “орман, жер ресурстары және фитосанитария” факультетінде білім алып, оқу озаты болған.

Жігіттің денесін туыстары Таразға алып кетті.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз