Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда «сатылып кеткен» қырғыз әйелі енді балаларын іздеп жүр

1369047664_rabstvo

Эльзада 1988 жылы Ош облысының Қара су ауданында дүниеге келген. Жас кезінен жетім қалған ол 2004 жылы Қазақстанға жұмыс іздеп келіп, бала күтуші боп жалданады. Бірақ жұмысқа берушілері  жалақы төлемек-түгілі, өз пәтерақыларын да жаба алмай, ақырында қол астындағы жұмысшысын сатып жіберу арқылы бұл мәселесін шешкенге ұқсайды.

Эльзаданың айтуынша, 1972 жылғы алматылық ер адам оны 150 мың теңгеге “сатып алған”. Одан Эльзада екі баланы дүниеге әкелген.

2013 жылы Эльзада Алматы қаласындағы Қырғызстан елшілігіне құжат мәселесін шешіп беруді өтініп, көмек сұраған. Алайда олар оның сөзіне құлақ аспапты.

Ол бірнеше жерден жұмыс іздеп, ақша таппақ болғанмен онысынан түк шықпаған. Бір күні ері оған екі баласынан бас тарту туралы құжатқа қол қойғызып алмақ болады. Сол кезде ол қашып кетеді. Жолай көлік ұстап, алдымен оңтүстіктің Ақ Терек елдімекеніне жеткен. Аталған елдімекенде бір ер адаммен көңіл қосып, қыз баланы дүниеге әкелген. Көп ұзамай Эльзада Алматыдағы қырғыз диаспорасы өкілдеріне байланысқа шығып, олар оның қызымен отанына оралуына көмектескен.

Енді қырғыз әйелі тез құжаттарын рәсімдеп, Алматыдағы ұлдарын қайтып алуды мақсат етіп отыр екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз