Алматыдан Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «Қызғалдақтар гүлдегенде» дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда наурыздың 3-4 күндері ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сән-қолданбалы өнер орталығы мен бірлесіп қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмекеңесін ұйымдастырып отыр. Көрме 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі тақырыбында ұйымдастырылған.
Кәдесыйлардың құны 20 доллардан басталып, 1000 долларға дейін бар.