Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда мешітке сыймай қалған халық жұма намазын көше бойында оқыды (фото)

177

Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, ғимарат 1000 адамға шақталып тұрғызылған. Алайда, мұнда келушілердің саны 3000 мыңнан асып жығылады екен.

Осының салдарынан Момышұлы көшесінің бойы екі қатар көлік тұрағына айналған.

Бұл жағдайды кей намазхандар ұтымды пайдалануда. Мұнда сусын сатып жүрген жігіттердің саудасы қызып тұр.

Мешіт қызметкерінің сөзінше, Алланың үйіне 25-ке жуық қайыршы жұма сайын өз нәпақасын табуға жиналады.

Олардың көпшілігі балалы әйелдер мен мүгедек жандар.

Мешіт имамдарының айтуынша, жат ағымдағылар жұма намазды толық оқымай, адамдарды үстінен аттап, сыртқа шығып кете береді.

Мешіт маманы келген жамағаттың ішінен теріс бағытта жүргендерді бірден байқайтындықтарын айтады.

 

Мысалы мына қызыл футболка киген азаматты маман уахабизм жолында жүрген жан деп көрсетті.

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз